- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Әлемде ең көп...
Әлемде ең көп тараған фобиялар
Фобия – адамның еркіне бағына бермейтін, нақты бір түсінігі жоқ қорқыныш. Оның белгілерін анықтау үшін арнайы зерттеудің қажеті жоқ. Ол белгілі бір жағдайда туындайды. Тіпті, сіз өз бойыңыздағы фобияны аңғармауыңыз әбден мүмкін. Дегенмен, өз қорқынышы неден туындайтынын білетін адамдар үшін өмір сүру қиынырақ. Кейбіреуі бұл қорқынышқа ерік беріп, жүйке дертіне шалдығады.
Оның емі бар ма?
Дәрігерлер көп жағдайда анидепресанттар мен тыныштандыратын дәрілер қолдануды ұсынады. Тек осылар ғана миды қалыпты күйге түсіріп, қорқыныш, қуаныш секілді сезімдерге селқос қарауға мүмкіндік береді.
Әлемде ең жиі тараған фобиялардың атауын білесіз бе?
аблутофобия — жүзуден қорқу
айлурофобия — мысықтардың әсерінен туындайтын үрей
акрофобия — биіктіктен қорқу
апифобия — аралардан қорқу
арахнофобия — өрмекшілерден қорқу
атихифобия — сәтсіздіктен қашу
аутофобия — жалғыздықтан үрейлену
аэрофобия — ұшудан қорқу
гамофобия —үйлену деген ойдан туындайтын қорқыныш
гемофобия— қаннан қорқу
гидрофобия — судан қорқу
глоссофобия — сахнадан жасқану
демофобия — көп адамның ортасынан қашқақтау
дентофобия — тіс дәрігерінен жасқану
коулрофобия — сайқымазақтар туғызатын үрей
кинофобия — иттерден қорқу
филофобия — ғашық болудан қорқу
эниссофобия — сыннан жасқану
Ал сіз қорқынышыңызбен қалай күресіз?
Т. Есқали