Snapchat желісінің тарихы

Snapchat желісінің тарихы
Фото: https://www.emaze.com/

Snapchat хабарлама желісінің тарихы 2011 жылдан басталады. Стэнфорд Университетінің студенттері Эван Шпигель, Боб Мерфи және Фрэнк Браун оқу барысында ерекше идияны жүзеге асыруды ойға алады. «Жіберліген хабарлама 10 секундтан соң жоғалып кетсе ғой»,– деген сөз арасында Фрэнк Браунның ойын Эван Шпигель толықтай қолдап, бұны шындыққа айналдыруға болатынын сөз етеді. Осылайша Snapchat өмірге келеді. Тек жобаның бастапқы атауы – «Pictaboo».

Pictaboo жобасы алғашқыда тек iOS қолданушылары үшін жасақталған болатын. 2011 жылы шілде айынан бастап қолданысқа енгізілген мессенджердің логотипін Шпигель өз қолымен қалып шығады. Ал мессенджерді қолданушылардың саны бір айда тек 127-ге ғана жеткен.

Дегенмен, қолданушы аз болуы туындаған мәселелердің маңыздылығы жағынан ең соңғысы еді. Өйткені Шпигель мен Браун арасында бағдарламаға байланысты жанжал туындайды. Ақыры сотқа дейін созылған жанжалдың да дәурені ұзақ болады. 2014 жылға дейін жобадан гөрі, жанжалды құп көрген Pictaboo «әкелері» бір шешімге келгенше ұзақ күреседі.

фывЭван Шпигель

2011 жылы күзде Шпигель мен Мерфи «Pictaboo» атауын «Snapchat» деп өзгертеді. Атауындағы өзгеріс оларға зор табыс алып келеді. Себебі аз ғана уақыттың ішінде қолданушылар саны мыңға дейін жетеді.

2012 жылы сәуір айында мессенджердің қолдаушылары 100 мыңға дейін өседі. Lightspeed Venture Partners фонды бұл жобаны дайындаған студенттерге қызығушылығы оянып, $485 мың көлемінде қаржы бөледі. Қаржы қолына тиісімен Шпигель  аяқтауға сәл қалған Стэнфорд Университетін тастап кетеді.

Дәл осы жылдың желтоқсан айында Snapchat желіснің Android операциялық жүйесіне арналған нұсқасы жарық көреді.

яыв

Мадақ пен мансапқа ие болған жоба авторлары 2012 жылы желтоқсанда үлкен мәселеге тап болады. Бұл жолы жобаға Марк Цукерберг көз салған болатын. Шпигель және Мерфимен жеке кездесіп, мессенджер үшін 3 миллиард доллар көлемінде қаржы ұсынады. Жоба аторлары одан бас тартқанымен, Цукерберг 21 желтоқсанда Poke атты Snapchat желісінің көшірмесін жасап шығарады. Дегенмен, ол айтарлықтай қолданысқа ие болмайды. Ал, Snapchat желісінің дәрежесі өсе береді.

Snapchat қандай нәтижеге қол жеткізді?

– 2013 жылдың ақпан айына таман мессенджер күніне 60 миллион хабарламаны өңдеген.

– Мамыр айында бұл көрсеткіш 150 миллионға дейін өскен.

– Бүгінде қолданушылар саны 100 милиооннан асады, ал күніне миллардқа жуық хабарлама өңделеді.

Т. Есқали