Интернет-мысық қалайсыз ба?

Интернет-мысық қалайсыз ба?
Фото: http://fauntastic.net/

Маусым айының соңында жаңа сайт қолданысқа еңгізілді. Бұл сайт сіздерге ешқандай жаңалық ұсынбайды. Тіпті ақпарат бермейді. Бар болғаны интернет-мысығыңыз пайда болады. Неге деймісіз?

Purrli сайты мысықша пырылдайды. Оның 3D дауысын талғамыңызға сәйкес өзгерте аласыз. Жай ғана пырылынан бастап, «мяу» деген қылықты үніне дейін өз қалауыңызша қосуыңызға мүмкіндік бар. Purrli сайтын құрған инженер – Стефан Пиджи. Ол осы уақытқа дейін 3D дыбыстарды бақылай алатын әрі адамдарға демалыс сыйлайтын «myNoise» сайтын құрастырған.

ыффы

Мысықтың пырылы тек тыныштандырып қана қоймай, көптеген дертке шипа екендігін ғалымдардың өздері мойындаған.

Мысықтың пырылының пайдасы қандай?

–  Адамның психикасы мен жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді.

– Мысықтың пырылдаған дыбысы мидың және жүрек қанайналымын жақсартып, иммунитетті көтереді.

– Гастрит, остеохандроз, тұмау  және ұйқысыздық секілді ауруларды емдейді.

– Адамды ішімдік пен нашақорлыққа деген тәуелді болудын сақтайды.

Т. Есқали