- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Аурудың барлығы ойдан...
Аурудың барлығы ойдан
Адам ағзасы ерекше. Жиі сезінетін аурудың барлығы тек сыртқы ортаның әсері ғана емес, ішкі қорқыныш, күйзеліс секілді жасырын аурулардың нәтижесі болуы мүмкін. Зерттеуші дәрігерлер аурудың орнын анықтап, оның не себептен екенін ашып айтты.
Суретте байқағаныңыздай, бас ауруының басты себепшісі – күйзеліс. Күніне бір уақыт өзіңізге көңіл бөліп, ойыңыз бен уайымыңызды бір сәтке ұмытсаңыз, бас ауруы жиі мазаңызды алмайды.
Егер біреуге өкпеңіз болып, оны айта алмай іштей тына берсеңіз мойыныңыз ауруы мүмкін.
Ал, арқаңыз жиі ауырып, тіпті, қозғалтпайтын жағдайға жетсе, одан құтылудың амалы – өзіңізді сүйіңіз. Өзіңізге деген сенімсіздік – иығыңыздың басты жауы.
Ақша туралы уайымыңыз зор болса, беліңіз де соғұрлым қатты ауырады. Өзіңіз сүйетін іспен айналысыңыз, сол кезде қаражаттың өзі-ақ келетін болады.
Сіз ешкімге білдірмегенмен, ішкі ойыңыздың хал-жағдайына денеңіздің өзі-ақ хабар береді. Сондықтан, ағзаңызға артық жүк салмау үшін, өзіңізді жақсы көріңіз, өзіңізді кешіріңіз. Айналаңызға деген реніштің бәрін ұмытыңыз. Әлем сізді жақсы көреді.
Т. Есқали