Opera VPN – сіздің желідегі қорғаушыңыз

Opera VPN – сіздің желідегі қорғаушыңыз
Фото: Вконтакте

Соңғы кездері әлеуметтік желідегі парақшаларыңыз дұрыс жұмыс жасамай жүр ме? Түрлі жарнама шығып, сайттар вирус таратып жатыр ма? Сіздің виртуалды тұрақты мекенжайыңыз жайында түсініксіз ақпараттар шығып жатыр ма? Міне, бұл сұрақтарға «Массагет» жастар порталы зерттеу жасай келіп жауап тапты.

Алаңдаудың қажеті жоқ. Тек қана бағдарламаны тегін көшіріп алсаңыз жеткілікті. Ол қандай бағдарлама?

Кез келген телефонның «Play Market» және «App Store» интернет дүкендерінен «Opera VPN» бағдарламасын тегін жүктеп алыңыз.

«Opera VPN» - сіздің виртуалды мекенжайыңызды сақтап, түрлі алып-қашпа жарнамаларды тоғытады.

«Opera VPN» бұл:

-         Ең жылдам жұмыс жасайтын және сенімді VPN сервисі;

-         Safari, Chrome және басқа да түрлі бағдарламалық жүйелерден болатын жарнамалардың жолын тосушы.

М. Ақан