"Iphone" телефонының түпнұсқа екенін анықтау

"Iphone" телефонының түпнұсқа екенін анықтау
Фото: AppleInsider.ru

Ал, ағайын, кеше жаңа жыл деп бір-біріңізді құттықтап, қымбат сыйлық алып, бір жасап қалған боларсыздар. Құтты болсын дейміз. Әсіресе соңғы модадағы "iPhone"-ды сыйлыққа алғандар селфи жасап бір мақтанып қалудың сәті түсіп тұрған болар. Оған да уақыт табасыздар, тек менің бірнеше ақылымды тыңдап алыңыздар. Содан кейін не істесеңіздер де өз еріктеріңіз. Себебі қазіргі уақытта кез келген заттың түпнұсқасы және көшірмесі қатар жүретін болған.

Әрине, «Досың сыйлаған аттың тісін ашпа» деген бар, десе де, біле жүрген артықтық етпейді. Ендеше қолыңыздағы "iPhone" ұялы телефонының жалған екенін немесе түпнұсқа екенін анықтап көрейік.

1. Сериа номері

Қолыңыздағы телефонның жалған немесе түпнұсқа екенін анықтайтын бірден бір жол сериалық номері деуге болады. Сіз құрылғыңыздың "Settings>General>About" баптауларына кіріп, ең соңында тұрған сериа номеріне көз жіберіңіз. Сол номерді "https://selfsolve.apple.com/agreementWarrantyDynamic.do" сілтемесіне кіріп, сол жерде тексеріп көруіңізге болады. Бұл сайт сізге соткаңыздың түпнұсқа немесе түпнұсқа емес екенін анықтап береді.

2. Жалпы ерекшеліктері

iPhone телефонын аларда артқы жағында және басқа да жақтарында орналасқан заттаңбаға (логотип), дыбыс күшейткіш, дыбыс есту саңылауын, сөндіріп, қосатын кнопкасын, қуаттандырушы саңылауын, құлаққап құрылғысын қосатын саңылауын және телефон дыбысын азайтып, ұлғайтатын тетіктерін мұқият қараған дұрыс. Ал осы тетіктерінің дұрыс орналаспауын, жұмыс істейтін, істемейтінін және заттаңбадағы жазудың қате емес екеніне назар аударыңыз.

3. Ғаламторға қосылу

Әрине "iPhone" ғаламторға емін-еркін кіре алады. Алайда сіз жаңадан алған телефоныңыздың ғаламторға тура қосылатынын да, 3G арқылы қосылуға болатынын да тексеріп көріңіз. Себебі "iPhone" телефоны жасалған елде ғана 3G арқылы интернетке қосыла алатындай етіп жасалған.

4. iTune

Егер сіздің қолыңыздағы "iPhone" ұялы телефоны "iTunes"-ті танымай, оған қосылуға мүмкіндік болмаса, демек түпнұсқа емес. Дегенмен тез шешім қабылдамас бұрын "iOS"-ның жаңа ережесін оқып, телефоныңызды тағы бір мұқият тексеріп шығыңыз. Егер қайталап тексергенде де тіркеле алмасаңыз, демек телефоныңыз шынымен де жалған "iPhone" болғаны.

5. Бағдарламалар

iPhone-да бірнеше негізгі бағдарламалар болады. "Contacts," "Compass," "Settings," "Calculator," "Music" және "Photos" қатарлы бағдарламаларды ең бірінші тексеріп көріңіз. Бұл әрекет телефонның 100 пайыз түпнұсқа екеніне кепілдік бермесе де, тұпнұсқадан тексерудің алғашқы қадам екенін білдіреді.

6. Ресми байланыс орыны

Егер сіз сотка сатып аларда жалған ұялы телефонға жолығып қалармын деп күдіктенетін болсаңыз, бірден ресми байланыс орындарынан сатып алуыңызға болады. Бұл сіздің алаяқтардың алдауына түсіп қалмауыңызға сенімді қадам болады.

7. Siri -ді тексеріңіз

“Settings>General>Siri” түзілімі бойынша Siri-ге кіріңіз. Siri-мен сөйлесу кезінде түпнұсқа телефоны сізге сигнал арқылы шынайы жауап береді. Ал қандай да бір кінәраты бар немесе жалған соткада мұндай сигналдық жауап болмайды.

8. Жиек болтылар

Телефоныңыздың астыңғы жақ жиегіне назар аударыңыз. Егер телефоныңыз түпнұсқа болатын болса, телефонның рамасын тоқтатқан екі болтының басы гүл тәрізді бесбұрыш отверкаға сәйкес келуі керек. Ал жалған iPhone-ның жиек болтылар әртүрлі бола береді.

9. Орама

Әрине, сатып алған телефоныңыздың орамасын мұқият қарайтыныңыз заңды. Ораманың ішінде телефонды өндіруші ел, жасаған зауыт, сериа номері, штрих код қатарлы заттық атаулар жазылады. Осындағы сөздердің қатесіне мұқият көңіл аударған жөн. Түпнұсқа телефонның мұндайда кез келген тілде ешқандай қатесіз жазатынын ұмытпау керек. Егер қандай бір сөзде не сөйлемде қате кеткен болса ол жалған телефон.

10. Телефонды іске қосу

Телефоныңызды өшіріп, қайта іске қосып көріңіз. Сол кезде экранға бір шеті кетілген алманың бейнесі шығар болса, бұл түпнұсқа деп тануға болады. Әйтпесе жәй ғана «бұл телефон – түпнұсқа» деген сөзге сене салу қиын. Сонымен қатар, қолыңыздағы телефон қосылған кезде экрандағы жазудың қай тілде екеніне де мән беріңіз. Ал соткаңыздың салмағы да түпнұсқалығын анықтауда айтарлықтай рөл ойнайтыны есіңізде болсын. «Жұдырықтай жұтыңыздың» тым ауыр болуы да, тым жеңіл болуы да көңіліңізге күдік ұялататыны анық. Ал iPhone 5S түпнұсқа телефонының негізгі салмағы 112 грамм ғана болады. (Ал жалпы 1-ден 7 S-ке дейінгі iPhoneдардың салмағы 112-ден 188 грамм аралығы)

 baq.kz

М. Ақан