Android смартфондары iOS платформасына өте алады

Android смартфондары iOS платформасына өте алады
Фото: www.engadget.com

Apple (iOS) мен Google (Android) – операциялық жүйе нарығында негізгі бәсекелестер. Олар  өзіне тұтынушылар тартудың әртүрлі жолдарын жасап келеді. Ал Apple екі күн бұрын iOS 9 операциялық жүйесін таныстырып, платформаны жалпы қолданысқа жіберетінін мәлімдеді.

Енді Android-смартфондар да Move to iOS қосымшасы арқылы Apple компаниясының операциялық жүйесін орната алады. Бұл Apple-дің Anroid-қа шығарған алғашқы қосымшасы болып отыр.

iOS платформасына көшуді үгіттейтін қосымшаны Android операциялық жүйесіндегі барлық құрылғылар орната алады. Сосын қосымшаның көмегімен iPhone, iPod touch немесе iPad девайстарына арналған бағдарламалық қамтуды көшіруге болады. Егер сіз Android қолданушысы болсаңыз, Move to iOS бағдарламасын Google Play онлайн дүкенінен тегін қондыра аласыз.

HTC (Android) смартфоны iOS платформасына ауысқан көрінісі

Move to iOS қосымшасы жүйені ауыстыру кезінде өзге платформадағы қолданушының сурет, хабарлама, байланыс номерлері, күнтізбе, пошта аккаунты сынды барлық жеке ақпараттарды қауіпсіз түрде сақтайды. 

Ж. Өрісбай