- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Galaxy S6 vs....
Galaxy S6 vs. iPhone 6. Қай смартфонды таңдаймыз? (видео)
Samsung компаниясы жыл сайын Apple гаджеттерінің кемшілігін негізге алып, өз өнімін мақтауға тырысады. Бұл жылғы трендте жүрген смартфондар да оңтүстік корейлік компанияның жарнамасынан кенде қалмапты.
Қазіргі смартфондар нарығында негізгі екі компанияның өнімі ғана бір-біріне бәсекелестік тудыра алатыны белгілі. Смартфон сарапшылары екі өнімге қатысты екі түрлі пікір білдірумен шектеледі. Расында Samsung Galaxy S6 мен iPhone 6 смартфондарының артықшылықтарын айқындап ажырата білу күрделі. Одан бөлек, әркімнің талғамы мен орайы да әртүрлі болары анық.
Нақтырақ тоқталып өтсек, жарнамада екі өнім қатар орналастырылған. Мұнда оңтүстік корейлік гаджеттің дөңес кейпі оның ең басты артықышылығы болып отыр. Айта кетсек, кез келген хабарлама келген кезде Galaxy S6 смартфонының дөңес дисплейінде көрінсе, америкалық гаджеттің дірілі ғана естіледі.
Екінші жарнамалық роликте Galaxy S6 Edge гаджетінің сымсыз қуаттау құрылғысына қосыла алатыны көрсетіледі. Сондай-ақ, оның алдыңғы камерасы 120 градусқа дейін бұрылып, ауқымды сурет кеңістігін көмкере алады. Өкінішке орай, iPhone-ның ондай мүмкіндіктері жоқ екен.
Айта кетсек, әрбір видеоның соңы 6 > 6 теглайнымен аяқталады. Бұл екі смартфонның алтыншы нұсқасының бірі екіншісінен артық екенін дәйектейді. Ал сіз екі алтының арасына қандай тыныс белгісін қояр едіңіз?
Ж. Өрісбай