Әлемдегі ең зиянды вирустар

Әлемдегі ең зиянды вирустар
Фото: www.kakprosto.ru

19 қаңтар 1986 жыл — әлемдегі ең алғашқы Brain вирусы пайда болып, дербес компьютерлер тыныш өмірмен қоштасқан күн. Brain вирусын таратқан пәкістандық ағалы-інілі Басит Фарук және Амжад Алви. Қазіргі кезде мамандар вирустар саны минут санап артып, 150 мыңнан асқанын айтады.

Компьютер вирустарының пайда болуын шартты түрде төрт дәуірге бөліп қарастыруға болады: 1986 жылдан 1995 жылға дейін – дискетпен бірге жүктелетін вирустар уақыты.

1995-1999 — макровирустар. Одан кейін ағымға «бал ара құрттары» аталған электрондық пошта арқылы таралатын вирустар келді. Бүкіл әлемге даңқы шыққан ILOVEYOU вирусы ұмытыла қоймаған болар.

Ақыры соңында желілік құрттар шықты. Соңғы жиырма жылдың ішінде вирустар космос жылдамдығы деңгейінде өсті. Жүктелген вирустардың таралуы үшін бір ай не бір жыл уақыт кететін болса, қазіргі жаңа «індерттердің» әлемді жаулауына бір-ақ сағат жеткілікті. Қорғаныс бағдарламаларын жасаушылар зиянды бағдарламалардың жергілікті желілер мен смартфондарды көздеп отырғанын ескертті.

Әлемдегі ең зиянды вирустар: Creeper, Virdem, Jerusalem, Chameleon, LoveLetter, Ramen, CodeRed, Cabir, Kido, Wiper, Flame, Gauss, т.б.

LoveLetter вирусы бірнеше сағаттың ішінде миллиондаған компьютерді жаралап үлгеріп, Гиннесс рекордтар кітабына енген, ал Cabir Bluetooth арқылы тараған алғашқы желілік вирус.

Әлемдегі ең қауіпті вирустардың барлығын тізіп шығу мүмкін емес. Дербес компьютер үшін ең негізгі қауіптілік тудыратын вирус, ол – антивирусы таба алмаған, күресе алмаған вирус.

@. @assel_assanova