Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / Тест: «Телефонға қаншалықты тәуелдісіз?»

Тест: «Телефонға қаншалықты тәуелдісіз?»

Тест: «Телефонға қаншалықты тәуелдісіз?»

Жаныңызда телефоныңыз жоқ болса, бір нәрсе жетіспей тұрғандай болады. Оны дереу жақын жерден тауып алмасаңыз, уайымдап, өзіңізді нашар сезініп, күйзеліске ұшырайсыз ба? Төмендегі сұрақтардың барлығын мақұлдасаңыз, сізде телефонға деген тәуелділік жоғары деген сөз.

Соңғы уақытта бұл олқылықты «номофобия» (ағылшын тілінен аударғанда мобильді телефон жоқтығынан қорқу) ұғымы деп енгізді. Айова штаты университетінің ғалымдары адамның телефонға тәуелділігін бағалайтын жаңа әдіс ойлап тапты. Сізге жиырма сұрақ ұсынылады. Оны 1 мен 7 аралығындағы ұпаймен бағалайсыз. Мейлінше келісетін сұрағыңызға 7 ұпай, келіспейтін сұрағыңызға 1 ұпай, орташа деңгейіне байланысты аралықтағы ұпайлармен есептей беруге болады. Берер бағаңыз қаншалықты жоғары болса, телефонға тәуелділігіңіз соншалықты көп деңгейде болғаны.

1. Телефондағы ақпараттардан үнемі хабардар болып отырмасам, өзімді жайсыз сезінемін.
2. Өзіме қажет кезінде телефонмен ақылдаспасам, мазам кетеді.
3. Өзекті жаңалықтармен, ауа-райымен танысып отырмасам, жүйкем жұқара бастайды.
4. Қажетсінген сәтімде телефонымды не ондағы қосымшаларды (приложение) қолдана алмасам, ашу шақырамын.
5. Телефонымның қуаты таусылып бара жатса, байбалам саламын.
6. Тарифке қосылған мегабайт трафигім азаюға таяу болса, қорқа бастаймын.
7. Қолымда Wi-Fi жоқ болса, бірден басқа Wi-Fi желілерін іздеуге кірісемін.
8. Әрдайым телефонымды жоғалтып алмайын деген қорқынышпен жүремін.
9. Телефонымды қолдануға мүмкіндік жоқ болса, оны қолыма алғанша асығамын.
10. Достарыммен не туыстарыммен хабарласатын кезде смартфоным жанымнан табылмаса, бойымды мазасыздық билеп алады.
11. Телефонымнан жырақтап қалсам, жақындарым мен жолдастарым менің қайда екенімді білмей қалатын болды деп алаңдаймын.
12. Байланыстан тыс жерде болсам, не қоңырау шала алмай, не хабарлама жібере алмай жынданамын.
13. Жақындарыммен байланыс орната аламасам, өзімді нашар сезінемін.
14. Самартфоным қасымда болмаса, әлдекім маған хабарласады, ал мен жауап бере алмайтын болдым деп мұңаямын.
15. Телефоным қалтамда болмаса, туыстарыммен, достарыммен үздіксіз байланысым жоғалды деп өте нашар күйге түсемін.
16. Смартфоным жанымда болмаса, қазір немен айналысып жатқанымды жаза алмауым мені жабырқатады.
17. Әлеуметтік желілер қолжетімді болмаса, жаным жай таппайды.
18. Әлеуметтік желілердегі жаңартуларды жиі көріп отырмасам, өзімді тым нашар сезінемін.
19. Смартфоным жанымда болмай, электронды поштамды тексере алмай қалсам, бойымды үрей билейді.
20. Телефоным қолымда болмаса, немен айналысарымды білмей қаламын.

Енді ұпайларыңызды есептеп, нәтижесін оқыңыз:

20-дан 60-қа дейін: Құттықтаймыз! Сізді телефонға тәуелді деуге келмейді. Номофобияңыз болар-болмас дәрежеде.

60-тан 100-ге дейін: Тәртібіңізді қадағалауыңыз керек. Өзіңізді қолға алыңыз. Номофобия деңгейі орташа.

100-ден жоғары: Сіз үзілді-кесілді телефонға тәуелдісіз. Номофобия дәрежесі өте жоғары.

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: portaldocambuci.blogspot.com
Қосылған күні: 25 мамыр 2015, 17:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.