- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Google Tesla Motors...
Google Tesla Motors авто концернін сатып алғысы келген
Осыдан екі жыл бұрын америкалық миллиардер әрі инженер Элон Маск бас директоры болып табылатын Tesla Motors көлік құрастыру компаниясына ғаламтор алыбы Google қызығушылық танытқан екен. Дегенмен келісім соңына жетпей қалыпты. Бұл туралы Элон Маск Bloomberg агенттігінің тілшілеріне айтып берді.
Электромобильдер құрастырумен айналысатын Tesla Motors компаниясы 2013 жылдың наурыз айында қаржы дағдарысына ұшырайды. Авто концерні дерлік күйреу алдында тұрған еді. Себебі электромобиль нарығына қызығушылық танытқан инвесторлар қатары мүлде аз болатын.
Қиын-қыстау кезеңде Элон Маск өзінің досы Ларри Пейджге (Google корпорациясының негізін қалаушылардың бірі) компанияны сатып алу туралы ұсыныс тастайды. Tesla Motors-тың 2013 жылғы нарықтағы құны небәрі 5 миллиард АҚШ доллары шамасында болатын. Bloomberg ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ешқандай ресми келісім шарт орын алмаған.
Google басшысына Tesla болашағы үшін Элон Маск өзі кепіл боларын айтқан екен. Пейдж досы үшін толығымен келісімге келуге дайын болыпты. Кейін бірнеше апта бойы екі жақтық ресми жүздесу өткенімен, келісім ресми түрде соңына дейін жетпеген.
Осылай Элонның компаниясы жабылу қарсаңында қалады. Себебі компания АҚШ-тың Энергетика Министрлігіне біршама қаржы беруі тиіс еді. Әйткенмен де, болашақты болжай алатын америкалық кәсіпкер тығырықтан жол таба алыпты.
Ал өткен жылы аталған компанияның өнідірісіне Apple қызыға бастағаны белгілі. Тіпті құпия концерн ашып, Tesla инженерлерін жоғары жалақымен шақырып жатқаны туралы да бейресми ақпарат тарады. Осыдан кейін әлемнің элетромобильдерге деген қызығушылығы артып, Tesla Motors инвесторлары сеніммен қаржы бөлуге шешім қабылдайды. Элон Масктің басшылығымен дамып келе жатқан компания қазіргі кезде 75 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр.
Ұқсас жазбалар:
Tesla Model X электрокарының қытайлық аналогы шықты
Google сіз туралы барлығын біледі
Ж. Өрісбай