Браузердегі жарнамалардан қалай арыламыз?

Браузердегі жарнамалардан қалай арыламыз?
Фото: vse-krugom.ru

Уақытымыздың көп бөлігі интернетпен өтіп жатыр. Барлық қажетті мәліметтерімізді интернеттен іздеп, тез әрі оңай қол жеткіземіз. Ал бізге көп жағдайда ғаламтормен жұмыс істеуге кедергі келтіретін жарнамалар бар. Қажетті парағымызды ашқанда, оған қоса «тауарын сатып алуды ұсынатын» не «адам сенгісіз нәтижесімен бөліскісі келетіндерден» көз аша алмайтын жайттар жиі ұшырасады. Олармен қалай күресу керек? Ол үшін төмендегі қарапайым кеңестерге назар аударыңыздар.

Ең алдымен компьютеріміздің вирустан ада екенін тексереміз. Егер сізде вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус) орнатылмаған болса, Avira Free Antivirus, Avast! Free Antivirus, AVG Antivirus Freе, Microsoft Security Essentials сияқты тегін бағдарламалардың бірін жүктеп алыңыз.

Браузерді ашқан сәтте пайда болатын жарнамаларды қарастырайық. Ол браузердің өзіндегі вирусқа байланысты. Оны тазарту үшін, браузер белгісіне барып, тінтуірдің сол жағын басып, «Свойства» терезесін ашамыз.

«Ярлык» бөліміндегі «Объект» жақтауында браузерлер бойынша мына сөздер шығуы керек:

Opera – launcher.exe;

Internet Explorer – iexplore.exe;

Google Chrome – chrome.exe;

Mozilla Firefox – firefox.exe;

Yandex – browser.exe.

Егер бұл атау «exе» сөзімен аяқталмай тұрса, браузеріңізде вирус бар деген сөз. Мысалы, «launcher.url» деп тұруы мүмкін. Бұл файлды жойыңыз. Ал егер компьютеріңізде бірнеше браузер орнатылған болса, онда әр браузердегі вирусты жеке-жеке өшіріп шығуға тура келеді.

Егер браузерде жұмыс барысында өздігінен жарнама ашылып кетіп, бейнесімен ғана емес, дауысымен де кедергі келтіретін болса, мына операцияларды орындаңыз:

Google Chrome браузері мәзірін ашып, тізімнен «Инструменты» пунктін таңдаймыз, сосын «Расширения» пункті;

Yandex-те «Дополнения»;

Opera-да «Расширения»;

Internet Explorer-де «Сервис», «Настройки»;

Mozilla Firefox-те «Дополнения», «Расширения» пунктін таңдаймыз.

Орнатылған өрістер (Расширение) ішінде, бейтаныс атау болса, оны дереу өшіріңіз.

Егер сайттың өзіндегі заңды жарнамаларды да қаламасаңыз, интернеттен «Adguard» бағдарламасын жүктеп алуыңызға болады. Ол мүмкін болған барлық жарнамаларды көрсетпеу, кәмелеттік жасқа жетпеген балалардың тыйым салынған сайттарға кіре алмауы, браузердің жылдам жұмыс істеуі т.б. қызметтерді атқарады.

Ұқсас жазбалар:

Google қолданушыларға сұраныстар тарихын жүктеп алуға мүмкіндік берді

Ғаламтор адамзатқа қандай тегін сыйлар тарту етті?

@. @assel_assanova