Apple Watch краш-тестке төзімді ме? (Видео)

Apple Watch краш-тестке төзімді ме? (Видео)
Фото: скриншот

Әлемнің әртүрлі техно мамандары жаңадан сатылымға шыққан гаджеттерді сынауға асығады. Бұл орайда Apple-дің алғашқы смарт-сағаты да шетте қалмапты.

Гаджеттерді сынау мақсатында жүргізілген сынақтар уақыт өте күрделеніп келеді. Краш-тесттердің тым қатаң екендігін ескерсек, смарт-өнімдердің сапалы бола бастағанын байқаймыз. Ендеше бүгін купертинолық Apple компаниясының «ақылды» сағатының сапасына көз жүгіртетін боламыз.

Естеріңізге сала кетсек, Apple Watch өнімінің ең арзан нұсқасы 350 АҚШ долларын құрайды. Дегенмен, айлакер заңсыз сатушылар гаджетті жаппай сатылымға шықпаған елдерде бірнеше есе құнымен саудалап жатыр. Расында, әлемнің түкпір-түкпірінде өнімнің бағасына қарамай сатып алатын қызыққа құмар адамдар табылатыны анық. 

Ж. Өрісбай