Осыдан біраз бұрын Стив Джобстың өмірі туралы жаңа кітап шығатыны белгілі болған еді. Дегенмен оның мазмұны қалай болатыны туралы еш мәлімет берілмеген болатын.
Ғаламтор беттерінде Стив Джобстың өміріне қатысты бұрын біз білмеген әртүрлі деректер шыға бастады. Атап айтқанда Apple компаниясының қазіргі басшысы Тим Кук бауырының бір бөлігін беріп, донор болуды ұсынған кезде, Стив оған келіспеген екен. Нақтырақ айтар болсақ, жаңа туындының авторы мен Тим Кук Стив Джобстың ағза мүшелерін ауыстыруға көнбегенін растайды.
Автор әдеби кітаптың бестселлерге айналуы үшін екі тұлғаның көпке белгісіз қысқа диалогтарын алдын ала жариялауды ұйғарыпты:
«Жеке басын ойлайтын адам олай жауап қатпас еді», — деп Кук сөзін жалғастырады. «— Менің нені негіздеп тұрғанымды айтайын: бауырының сыр беруінен өлім аузында жатқан біреу болса, екінші бір адам оның бұл тығырықтан шығу жолын ұсынып отыр. Мен сол кезде: «Стив, мен медициналық тексеруден өттім. Денсаулығым көтереді. Мен мұны жасауға дайынмын және тәуекелге бас ұра аламын. Барлығы жақсы болады». Ал ол бұл туралы ойлауды да жөн көрмеді. Оның жауабы: «Сен осылай жасауға сенімдісің бе? Мен мұны ойлаудан қалыспын. Мұндайға келіспеспін». Бұл оның кереуеттен атып тұрып берген жауабы еді. Ол кезде оның жағдайы расында мүшкіл болатын. Ол соңғы 13 жылда маған төрт рет дауыс көтеріп ұрысқан болса, осы сәт соның біреуі еді».
Одан бөлек, ғаламторда тағы бірнеше ақпарат жарияланды. Мысалы, кітапта Джобстың Yahoo! компаниясын сатып алғысы келгені туралы айтылады. Сонымен қатар, Стивтің теледидар нарығына бет бұруды жоспарлағаны да бар екен.
Брент Шлендер мен Рик Тетзели бірігіп жазған «Стив Джобстың қалыптасуы» (Becoming Steve Jobs) атты кітап АҚШ-та сатыла бастағанымен, шетел нарығына шыға қоймады. Оның Қазақстанда сатылу уақыты әзірге белгісіз.
Сурет: www.fastcompany.com
Ұқсас жазбалар:
Стив Джобс туралы деректер
Әлемді өзгерткен үшінші алма
Әлемдік бизнеске қатысты 17 қызықты дерек
Стив Возняк: «Apple тарихы гараждан басталмаған»