WhatsApp арқылы ақша ұрлайтындар пайда болды

WhatsApp арқылы ақша ұрлайтындар пайда болды

WhatsApp мессенджерін пайдаланушылар кезекті хакерлік шабуылға ұшырады. ESET антивирустық компаниясының мәлімдеуінше, қосымшаның веб-нұсқасы арқылы троян вирусы тарауда, – деп хабарлайды RG. Бұл туралы bnews.kz жазды.

Киберқылмыскерлер электрондық пошталарға WhatsApp Web мессенджерінің 2015 жылы қаңтарда әзірленген десктоптық нұсқасын көшіріп алу ұсынысымен хат жолдайды. Хатта WhatsApp-тың ресми сайтына апаратын сілтеме көрсетіледі. Алайда, оған сенген пайдаланушылар ойдан шығарылған WhatsAppInstall.exe файлы жасырынған бетке өтіп, ондағы Win32/TrojanDownloader.VB.QRM вирустық бағдарламасының жүктелуіне жол береді. 

Жүктеу кезінде компьютерге Win32/Spy.Banker.ABOD деп аталатын қауіпті бағдарлама көшіріледі. Ол  –пайдаланушының онлайн-банкингтегі аутентификациялық мәліметтерін ұрлауға арналған «шпион».

Вирустың Бразилияда жасалғаны белгілі болды. Алайда кибершабуыл әлемдегі кез келген пайдаланушыға жасалуы мүмкін.

сурет: wired.co.uk

Е. Қайрахан