- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Бұл қызық: автокөлік...
Бұл қызық: автокөлік ішіндегі дүкен
Сауда орталықтары биік зәулім сарайлар, ғимараттар сияқты елестейді. Алайда, өзгеше сипатқа ие дүкендер де бар. Мысалы, 2007 жылы 2-шілдеде Ресейдің Костром қаласында автобөлшектер сататын өзгеше дүкен ашылған. Атауы – «Фура». Дүкен сарғыш түстес жүк машинасына ұқсайды, кәдімгі көліктен 20 есе үлкен, ұзындығы – 68 метр, ені – 12 метр, биіктігі – 13 метр.
Дизайнерлер қарапайым жүк көлігінің бейнесін дүкеннің сыртқы келбетіне енгізе білген. Кабинасы мен қорабына артқы көрініске арналған айна, радиатордың торы, серіппелі темір, бензин багы орналасқан. Тіпті, көліктің дөңгелегіне дейін дәл берілген.
«Фура» көлік-дүкенінің ішінде екі сауда залы орналасқан. Бұл дүкен Гиннес Рекордтар кітабына үш түрлі номинация бойынша енген: «Жүк көлігі іспеттес алғашқы көлік дүкені», «Жүк көлігі іспеттес ең үлкен көлік дүкені», «Жүк көлігі іспеттес бірегей дүкен».
Сурет: pulson.ru, s4.live4fun.ru
Е. Жұмабайұлы