Ескі пленкадағы суреттерді компьютерге көшіріп алудың жолы

Ескі пленкадағы суреттерді компьютерге көшіріп алудың жолы

Үйіңізде пленкалы фотоаппараттармен түсірілген суреттер көп болса, бұл жазба сізге арналады. Картоннан жасалған қораптың, қағаздың, сандық фотокамераның және люминесцентті лампаның көмегімен ескі суреттерді компьютерге жүктеп, сақтап қоюға болады. 

Ол үшін жоғарыда айтылған құралдарды пайдаланып суреттерді сандық камераға түсіріп, компьютерге жүктеп алуыңыз керек. Фоторедактордың көмегімен (мысалы, Adobe Photoshop) оған аздаған өзгеріс енгізгеннен кейін сурет дайын болады. Әдісті үйреніп алу үшін төмендегі видеороликті көріп шығыңыз.

сурет: kazakh.ru

Е. Қайрахан