- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Электронды қағаздан монитор...
Электронды қағаздан монитор шығаруға болады
E-Ink электронды қағаздары жаңа технологияда енді қолданысқа еніп келеді. Инженерлер аталған технологияны түрлі салада қолдануға тырысып бағуда.
Оңтүстіккорейлік Dasung компаниясы E-Ink технологиясы негізінде жасалған 13-дюймді монитор шығарды. Аталған өнім PaperLike атауына ие болып, компьютер процессорына қарапайым USB-кабельдің көмегімен жалғанады екен.
Ғаламторда тараған ресми ақпаратқа сүйенсек, PaperLike экраны 1600x1200 пикселді мүмкіндікке ие және оны әдеби туындыларды оқуда қолдануға болады.
Жаңа өнімнің артықшылығы оның энергияны аз жұмсауында болып отыр. Dasung өнімі өзге мониторлар сынды жылдам жұмыс істей алады. Көбіне бұл өнім кеңсе жұмыстарына арналып шығарылады екен.
Оңтүстіккорейлік компания ұсынған PaperLike мониторының жұмыс істеу сапасын төмендегі видеодан көре аласыздар:
Сурет: ebook-fieber.de
Оқи отырыңыз:
CES 2015. E-Ink – түсін өзгерте алатын электронды түсқағаз
Туиттердің жеке видеосервисі пайда болады
Apple смарт-қалам шығаруға патент алды
Samsung теледидарларына PlayStation ойындары қосылады
Ж. Өрісбай