"HP" компаниясы компьютердің жаңа типін шығарады

"HP" компаниясы компьютердің жаңа типін шығарады

"HP" компаниясы осы жылдың жазынан бері арнайы жобамен айналысып келеді. Құрастырушылардың айтуынша, The Machine инновациялық жобасы компьютер өндірісіне үлкен өзгеріс алып келуі мүмкін.

Айта кетсек, жаңа компьютердің құрылымында кремний фотонының технологиясы, яғни барлық ақпарат лазер арқыры беру технологиясы қолданылады. Сондай-ақ, компьютер жадысы электронды болып, лазермен ақпарат тасымалдануына байланысты флеш-жинақтағыштар мен қатты дисктердің қажеті болмай қалады.

Осы технологияны дамыту арқылы, "HP" компаниясы қазіргі нарықта бар құрылғылардан әлдеқайда қуатты жаңа компьютердің типін шығаруды жоспарлап отыр.

Ғаламтор ресурстарына сенер болсақ, HP компаниясының бас диеркторы Мег Уитман The Machine жобасын басты назарға алып, қомақты қаржы бөліп отыр екен. Сонымен қатар, жаңа типті компьютерлердің жұмыс прототипі 2016 жылға қарай шығады. Қазіргі кезде "HP" компаниясы компьютерге орнатылатын Linux++ жедел жүйесін дамытып келеді.

Дегенмен, Linux++ уақытша қондырылатын жедел жүйе болмақ. Болашақта HP бағдарламашылары жаңа инновацияға жаңа көзқараспен толығымен басқа форматта жұмыс істейтін жедел жүйені жасайтын болады. Оның атауы Carbon болмақ.

Сурет: www.latestwalkins.in

Ж. Өрісбай