Ғаламторда Internet Explorer үлесі артып келеді

Ғаламторда Internet Explorer үлесі артып келеді

Chrome және Firefox «іздеу» платформасын қолданушыларына жағымды жаңалық болмауы мүмкін. Net Market Share есептік сараптамасына сенер болсақ, аталған браузерлердің ғаламтордағы үлесі айтарлықтай төмендеп кеткен. Ағымдағы жылдың қараша айына берілген сандық есеп бойынша ғаламтор қолданушыларының 58,94%-ы Internet Explorer арқылы кірген.

Сонымен қатар, бұл көрсеткіш өткен айдың пайызынан біршама өскен. Айта кетсек, қазан айы – 58,49%, ал қыркүйек айы – 58,37%. Демек, IE браузері тұрақты өсіп келеді.

Енді Chrome браузеріне тоқтала кетсек. Google корпорациясының «іздеу» құрылымы әзірге екінші орында келеді. Оның сандық көрсеткіші өткен айда 21,25% болған болса, қараша айында 20,57% көрсеткішке дейін төмендеген.

Бәрінен төмен нәтиже көрсеткен Firefox браузері болып отыр. Net Market Share сараптамасы аталған браузерде небәрі 13,26% веб-трафиктің болғанын көрсетеді. Естеріңізге сала кетсек, бірнеше жыл бұрын Mozilla өнімі ғаламтор қызметтерінің арасында көшбасшы болатын.

Неде болса, нарықтағы бақталастықтың күшейе түскенін байқап отырмыз. Енді аталған браузерлердің құрастырушылары барынша сапаға жұмыс істеуге тырысатын болады. Себебі нарықта тек бәсекелестікке қабілетті өнімдер ғана тұрақты үлесін сақтай алады.

Сурет:www.youtube.com

Ж. Өрісбай