Apple жаңа штаб-пәтер салып жатыр

Apple жаңа штаб-пәтер салып жатыр

Бүгін Apple компаниясының бас директоры Тим Кук Нью-Йорк қаласында "Climate Week"  саммитіне қатысты. Саммит барысында Тим Кук силиконды аймақта салынады деп жоспарланған жаңа кампус туралы сөз қозғап, оның Жер шарындағы ең жасыл ғимарат болатынын айтты.

Соңғы кездері Apple компаниясы қоршаған ортаны қорғауға аса көп көңіл бөле бастады. Жаңа кампус сол жобалардың біреуі.

"Біз казіргі кезде компанияның жаңа штаб-пәтерінің құрылысымен айналысып жатырмыз. Ол ең жасыл ғимарат болмақ. Кампус тек инновацияның ордасы болады. Бұл біз және біздің мамандардың қалауы", – дейді Тим Кук.

Естеріңізге сала кетейік, Applе-дің жаңа кампусының жобасына Стив Джобстың өзі қатысқан болатын. Жобаның ерекше боларына сенімдіміз.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.nbcnews.com

Ж. Өрісбай