Android фанаттары iPhone 6 смартфонын күлкі етуде

Android фанаттары iPhone 6 смартфонын күлкі етуде

Араларыңызда Apple смартфондарын сатып алудан бас тартқан адамдар бар болар. Олар – Android-та жұмыс істейтін смартфондардың тұтынушылары. Бұлар IPhone-ды сатып алу былай тұрсын, оның кемшіліктерін тізбелеумен әлек. Төмендегі суретке мән беріңіз. Бұл сурет бір түнде туиттерде 16 мың ретуит жинаған.

iPhone 6 мен Nexus 4 мінездемелерін Ars Technica маманы Рон Амадео салыстырған. Ол келтіретін функциялар мен параметрлер екі смартфонда да бар. Бірақ Nexus-тың осыдан екі жыл бұрын шыққаны белгілі.

Ол, сонымен қатар, Android смартфондарында әлдеқашан шығып қойған, ал Apple өнімдерінде тек 2016 жылға қарай пайда болатын функцияларды да тізіп көрсетеді.

Мына суретті сәтті айтылған әзілге балауға болады. Әрине, Nexus-тың ешбір смартфондарында кездеспейтін функцияларды iPhone 6 флагманынан таба аласыз. Apple компаниясының көшірмеге емес, тек сапаға жұмыс істейтінін де көпшілігіміз мойындайтынымыз рас. Бірақ Android платформасындағы құрылғыларға үйреніп қалған тұтынушылардың көзқарасы бөлек.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: twitter.com

Ж. Өрісбай