Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / Microsoft жарнамасы Apple өнімін күлкі етті

Microsoft жарнамасы Apple өнімін күлкі етті

Microsoft жарнамасы Apple өнімін күлкі етті

IT-жарнама әлемінде атаулы брендтердің өз бәсекелестерімен сатиралық салыстырма жасауы дәстүрге айналды. Apple компаниясы мынадай әрекеттен аулақ болғанымен, оның өнімдері әрқашан осындай күлкінің арасында қалып қояды. Әсіресе бұл салада Samsung маркетологтары көп еңбектенген. Енді Microsoft компаниясы да сарказммен жарнамалық роликтер жасауды бастап кетті.

Соңғы жарияланған видеороликте Windows Phone операциялық жүйесімен жабдықталған HTC One M8 смартфоны iPhone 5s флагманымен салыстырылады. Нақтылап өтсек, екі смартфонның дыбыс ассистенттері Cortana (HTC One M8) мен Siri (iPhone 5s) салыстыру бөлшегіне айналған.

Роликтің басынан байқайтынымыз, Siri айнаға қарап, «Вестсай тарихы» мюзиклінен «I Feel Pretty» ("Мен өзімді көрікті сезінемін") әнін айтып жатады. Сосын Cortana-мен сәлемдесіп: "Мен жәй ғана сұлу көріктен де ерекшемін" ("I’m more than just a pretty face"), - деп тіл қатады. Дегенмен,  Cortana өзіндік күнтізбесімен мақтанып, корпусындағы екі динамикасының бар екенін айтады. Ал Siri өзінде бір ғана динамикасы бар екенін және ол оның үстінде отырғанын айтып қысылып қалады.

Ескере кеткен жөн, Apple өнімінің дыбыс ассистенті арнайы кибернетикалық интонациямен сөйлейді. Бұл әдеткі жағдай. Ал Cortana болса табиғи тың дыбыспен тіл қатып тұр. Расында, мына жағдайда Microsoft компаниясының маркетологтары белгілі бір адамның дауысын дубляждағанын көрсетіп тұр. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: winphone.ir

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 04 қыркүйек 2014, 18:12
Тегтер: Apple, Micrsoft, реклама.,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->