Ең көп сатылған смартфондар рейтингі

Ең көп сатылған смартфондар рейтингі

Смартфондардың сан түрлі нұсқаларының сатылымға шығып жатқанымен, рейтингтің үздіктері қатарынан тек негізгі екі компанияның өнімдері ғана орын алып отыр. Рейтингтегі ең көп сатылған смартфондардың тізімін қарайтын болсақ, ондықтағы смартфондардың сегізі Apple мен Samsung компаниялары шығарған телефондар екен.

Counterpoint компаниясы осы жылдың мамыр айына дейінгі смартфондар сатылымының үздіктер тізімін жасағаны туралы hardnsoft.ru сайты хабарлайды. Рейтинг сұлбасы мынадай:

1. Apple iPhone 5s 
2. Samsung Galaxy S5 
3. Samsung Galaxy S4 
4. Samsung Note 3 
5. Apple iPhone 5c 
6. Apple iPhone 4S 
7. Xiaomi MI3 
8. Samsung Galaxy S4 mini 
9. Xiaomi Hongmi Redrice 
10. Samsung Galaxy Grand 2 

Өздеріңіз куә болғандай, үш қана өндіруші аталған тізімге енген. Мұнда Apple мен Samsung компанияларынан бөлек, соңғы кездері өнімдерін халықаралық деңгейге көтере білген Қытайдың Xiaomi компаниясы да бар екен.

Бір қызығы, үздік ондыққа IT-нарықта аты белгілі Sony, LG, Microsoft/Nokia, Huawei немесе Motorola секілді компаниялардың өнімдері енбей қалған.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: yamobi.ru

Ж. Өрісбай