Apple, Google және Samsung: мобильді алаңдағы шайқас

Apple, Google және Samsung: мобильді алаңдағы шайқас

Сіздің ойыңызша, "өзінің смартфонысыз өмір сүре алмайтын" адамдар асыра сілтеп айтатын болар. Дегенмен, әлемнің үш үлкен технология алыптары жарысатын болса, айтылған тіркеске күмәніңіз болмайтын шығар. Себебі Apple, Google және Samsung – үшеуінің де тұтынушының көңілінен шығуды мақсат еткені айдан анық. Маңыздысы смартфонның медициналық саулығы болып тұр. Қазіргі кезде үшеуі үш бөлек платформа жасап үлгерген. Samsung пен Apple компаниялары да Android платформасынан арылу мақсатын жүзеге асырып жатыр. Сапа деңгейіне баға беру тұтынушылардың қолында болады.

Google "Google Fit" бағдарламасын алға тартады.

Google бұрынырақ ғаламтордың іздеу сапасын арттыру мақсатында Google Health платформасын ұсынған еді. Дегенмен, адамдардың теріс пікірі оның 2013 жылы жабылуына әкеп соқты. Сосын өткен жылы Google Glass пайда болған кезде кейін қайтқан адамдардың реті көбейе түскендіктен, Google осы нарықтың табысты боларына нық сеніп, жаңа өнімді ары қарай дамытуға кірісті.

Google Fit платформасы іске қосылғаннан кейін Google оның құжаттарды сақтайтын ең сенімді қызмет түріне айналдыру үшін талаптанып отыр. Жабдықтаушыларға сенсек, ол өзіңіз қойған барлық ақпаратты жүйелі түрде сақтайтын болады. Соңғы жаңалықтарға орай, бұл платформа смарт-сағаттарға енгізілу жоспарланып жатыр екен. Дегенмен, оның пайдалы өнімге айналу не айналмауын алдағы уақытта көретін боламыз.

Apple компаниясы ұсынған Health Kit қызметі тек тұтынушыларды ғана таңдандырумен шектелмейтін болады.

Apple Google-дың мобильді нарықты толық бағындыруына жол бермейді. Себебі iOS тек бағдарламаны ғана емес, өмірлік стильді қалыптастыруға жақын. Оның жуырдағы Epic Systems пен Mayo Clinic компанияларымен серіктестігі оның аталған нарықта белсенділік танытуына мүмкіндік береді. Health Kit адамның физикалық белсенділігін немесе емделушінің қалыпты жағдайын бақылап, оқыста бір жағдай болып қалған сәтте дәрігерді шақыру қызметтерін қамти алатын болады.

Samsung SAMI қызметі арқылы ең үздік смарт-сағатты жасамақшы.

Мүмкін, Samsung Apple немесе Google секілді америкалық нарықта онша беделді болмайтын болар. Дегенмен, оның олардан қалып қоятын жайы жоқ. Өзге бәсекелестерімен салыстырғанда Samsung-тың жаңа смарт-сағаттары мен Gear флагманды гаджеттерін қоса айтқанда ол бірталай өнімді шығарып үлгерді. Бұл үдеріс мобильді бәсекелестікте маңызды рөл ойнайтынына жабдықтаушылар сеніммен қарап отыр.

SAMI платформасының Siri (Apple) және Health (Google) секілді аналогтарынан артықшылығы – оның толығымен тегін қызметке айналуында болмақ. Samsung болашақта SAMІ платформасының ақпараттық топтамасын өзге де инновациялық қызметтермен біріктіретін болады.

Үш компания да тұтынушыға деген түрлі жобаларын тартумен айналысып жатыр. Дегенмен, әзірге үшеуі де толық қызмет түріне көшуге асықпай жатыр. Оның себебі, олар толық жабдықталмаған платформа арқылы тұтынушының теріс пікірін қалыптастырудан аулақ болуды жөн көріп отыр.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет:һehrintelligence.com

Ж. Өрісбай