Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / Смартфонмен қалай сапалы сурет түсіруге болады?

Смартфонмен қалай сапалы сурет түсіруге болады?

Смартфонмен қалай сапалы сурет түсіруге болады?

Смартфон камерасы жыл өткен сайын сапалы бола түсуде. Қазіргі уақыттың өзінде түрлі эффектпен, жарықпен сапалы фото түсіруге әбден болады. Бірақ кейде әлеуметтік желілердегі суреттерді қарап отырып, бұл іс көптің қолынан келе бермейтінін байқаймыз.

Негізінде жақсы фото түсіру мүмкіндіктері өте көп.

Жарықты дұрыс пайдаланыңыз

Бұл кеңесіміз қандай керемет телефон ұстасаңыз да қажетті болады. Суретке түсіріп жатқан адамыңыз шығып тұрған жарыққа бетпе-бет болуы тиіс. Смартфонмен түсірілген суреттердің нашар шығуының негізгі себебі де осы жарықтың дұрыс қолданылмауынан. Мына жоғарыдағы сурет сөзімізге дәлел бола алады.

Линзаны сүртіңіз

Ақылсыздау кеңес көрінгенімен, осы линзаның кірлеп қалуы салдарынан қажетті делінген фотоңыз сапасыз шығады. Түрлі қара нүктелер мен бұлдырлауы да телефоныңыздың қалтаңызда жүріп кірлеуінің салдары болып отыр.

Зум қолданбаңыз

Егер нысан сізден алыста болса, ерінбей жанына барып түсіргеніңіз жөн. Себебі телефонның жақындататын қызметі оның сапасын өте нашар қалыппен түсірмек. Ал нысанға жақындай алмайтын жағдай болса оны кейін суретті кесіп өңдеп алуыңызға да болады. Ал зум қолданылған кезде оның сапасын жақсарту қиынға түседі.

Жарық (вспышка)

Кәсіби фотографтар смартфонмен суретке түсіру кезінде оның вспышкасын мүлдем пайдаланбауға шақырады. Ал түн кезінде оны қосуға болады. Егер кешқұрым уақытта қосарыңызды не қоспай түсіретініңізді білмесеңіз, «Auto» режиміне қоюға кеңес береміз. Мұнда смартфон камерасы қосу-қоспауды өзі шешетін болады. Ал сонда да түсірген фото сапасыз болса, бір рет жарықты өшіріп, кейін бір рет жарықты қосып түсіріп көріңіз. Қайсысы сапалырақ болса, соны таңдайсыз.

Баптауларын біліп алыңыз

Егер сізде iPhone болса, оның жалғыз ғана баптау жолы бар: торды өшіру немесе қосу. Ал егер Android құрылғысын ұстайтын болсаңыз баптау түрі өте көп болады. Бірақ мұнда да сіз асықпай отырып, меңгеріп кете аласыз.   

Смартфонның қаншалықты мүмкіндігі барын тексеріңіз

Көпшілік смартфонда түсірілген фотоны қандай өлшемде сақтауға болатыны жайлы баптау бар. Егер болса, барынша үлкен өлшемін таңдауыңыз дұрыс болмақ.

Суретті стабилизациялауға мүмкіндік бар

Смартфоныңызбен суретке түсіру үшін батырманы басқан сәтте діріл болады. Демаласыз, түрі ишаралар да түсіріп жатқан суретіңіздің сапасына әсер етеді. Сондықтан да өз деміңізді қалай алу керектігін білетін мерген болмасаңыз, телефон баптауларына кіріп, «тұрақтандыру» («стабилизация») пунктін таңдаңыз.   

Ақ түс балансын ретке келтіріп алыңыз

Қазіргі таңда камералар ақ түс балансын автоматты түрде таңдай алады. Бірақ жарық аздау болса, телефон түстерді ажырата алмауы мүмкін. Ал кейде жарық мөлшерін есептеуге бірнеше секунд күтуіңізге тура келеді. Мәселен, бөлмедегі жарықты қосқан кезде смартфоныңызға бірнеше секунд уақыт беріңіз. Бір сәттік уақыт сізге сапалы сурет сыйлайды.

Экспозицияны меңгеріңіз

Экспозиция линзаға түсетін жарық өлшемін анықтайды. Бұл баптауларды меңгеріп алу үшін ұялы телефоныңызбен түрлі эксперимент жасап көрсеңіз болады.  

Суретті түссіз етіп көріңіз

Егер жоғарыдағы кеңестеріміз көмектеспей жатса түсірген фотоңызды түссіз қалыпқа өзгертіп көріңіз. Көп жағдайда бұл фильтр түрлі түстер мен жарық қателігін «жуып-шаяды».  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: lifehacker.ru, econet.ru

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 15 сәуір 2014, 14:06
Пікірлер
+0
15 сәуір 2014, 14:40

Рахмет саған СamWow и Retrica десеңші

+0
15 сәуір 2014, 15:08

Қатырдыңыз ғой, бізге әйтеуір бәрі жақпайды ғой))(

+0
15 сәуір 2014, 14:41

жөн екен. біліп жүретін кеңестер екен.

+0
15 сәуір 2014, 14:48

Смартфонға сапалы сурет түсірмек түгілі смартфонды дұрыс пайдалана алмайтындар да бар арамызда саусақпен нұсқамай-ақ қояйын...

+0
15 сәуір 2014, 14:49

Сіз мені меңзеп тұрған сияқтысыз, Гүлбақыт ханым

+0
15 сәуір 2014, 14:51

Түсінбедім, Сәкен мырза. Сіз де смартфонды дұрыс пайдалана алмайсыз ба? Мысалы мен сияқты ))

+0
15 сәуір 2014, 14:54

Сіз осы жолдарды оқып отырған біраз адамның проблемасын айтып отырсыз деп ойлаймын, Гүлбақыт! Смартфонда неше түрлі қосымшалар болады, бірақ біз уатсап, агент, сосын ойындарды ғана пайдаланып, қалғандары не үшін тұрғанын да білмей өтеміз ғой. Сол нәрсе дұрыс емес, тіпті жоғарыдағы смартфонның камерасын да дұрыс пайдаланатындар аз. Сондықтан интернеттен неше түрлі сабақ бар, соларды қарап үйрену керек.

+0
15 сәуір 2014, 15:35

Дұрыс айтасыз!

+0
15 сәуір 2014, 15:35

Шынымен де солай ғой. Телефондағы кейбір қосымшалар не үшін тұрғанын да білмейміз, )) Күлеміз бе, жылаймыз ба? Әлде соны түзетеміз бе?

+0
15 сәуір 2014, 15:47

Түзетемізге дауыс берем. Гүлбақыт ханым!

+0
15 сәуір 2014, 15:28

сіз мені меңзеп тұрған сияқтысыз Гүлбақыт 8-)

+0
15 сәуір 2014, 15:36

Ох, біздің қатарымыз көп екенін білгем 8-)

+0
15 сәуір 2014, 14:51

Мен опшым суретке түсіре алмайм.... :(

+0
15 сәуір 2014, 14:53

Ол жерде бастысы жарық қой, сонан соң жақыннан түсірмесең сол жаман

+0
15 сәуір 2014, 15:30

түссіз суретте ұнайды, адамды әдемі қылып жіберетін сияқты))

+0
12 маусым 2014, 14:13

Мына президент бізді ұрысқа үндеп отыр ма?!) :idea:

+0
20 сәуір 2014, 22:47

Эх, пайдалы кеңестер жетерлік, тек осыны дұрыс пайдалана алсам... ;)

+0
12 маусым 2014, 13:33

кушти кушти :)

+0
06 қараша 2014, 22:51

Суретке сапалы түсіретін болған сайын ұялы телефондар зиянды болып келеді...Соны білесіздер ме?!..Суретке көп түсуге әуестенбеңіздер дегім келеді..
Уақытты тиімдірек пайдаланыңыздар..Түскен суреттеріңіздің көпшілігі "естелік"үшін ғана болғаны жөн..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.