Google жүргізушісіз көлік жасамақшы

Google жүргізушісіз көлік жасамақшы

«Форбес» журналының хабарына сенсек, Google жүргізушісіз көлік тахникасын ашу үшін үлкен көлемде қаржы бөлген. Техника әлемінің жетекшісі болуы есебінен Google енді көлік өндірісіне бет бұрмақшы. Мақала авторы Chunka Miu аталған салаға Google-дың бет үлкен өзгерістер мен ұлы төңкерістерді алып келеді деген көзқараста. Өндіруші орынның қарауынша жүргізушісіз көлік жол көлік оқиғаларын азайтып, энергияның сарып болуын 90%-ға азайтады екен. Егер көлік өндіруші компаниялар аталған техниканы өз жүйелеріне енгізсе, олар кеткен шығынның жартысынан көбін үнемдеуге болады деп сендірді мамандар. Ең маңыздысы ол дамушы елдердің бет-бейнесіне үлкен өзгеріс енгізуі мүмкін. Мақалада айтылуынша ұзақ мерзімдік мүдде тұрғысынан жүргізушісі көлік техникасы Google-ға ондаған триллион АҚШ доллары пайда енгізуі мүмкін екен. Ол деген сөз қазіргі іздеу, жарнама және хабар-байланыс саласындағы тапқан табысынан әлде қайда көп болады екен.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

M. Auelkhan