- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Әуе билеттері 16...
Әуе билеттері 16 пайызға қымбаттауы мүмкін
Фото:
Unsplash
Бүкіл әлем бойынша әуе билеттері кем дегенде 16 пайызға қымбаттауы мүмкін, - деп хабарлайды Tourprom.
Әуе сарапшылары бұл тұжырым Еуропалық комиссияның "Fit for 55" деп аталатын шаралар пакетімен байланысты екенін айтады. Енді парниктік газдар шығындары келесі сегіз жыл ішінде 1990 жылғы деңгейден кем дегенде 55 пайызға азаяды. Бұл ұсынысты ACI Europe әуежайлар қауымдастығы қатты сынға алды.
"ЕО ұсыныстары әуе тарифтерінің айтарлықтай өсуіне әкеледі", - деп ескертеді сарапшылар.
Мұның нәтижесінде туристердің мүмкіндігі азаяды, өйткені әуе билеттерінің бағасы шарықтайды. ЕО-ның зиянды шығарындыларды азайту тәсілі 2030 жылға қарай ұшу құнының орташа есеппен 16 пайызға өсуіне әкелуі мүмкін.
М. Жәмішжанов