Илон Маск әке атанды

Илон Маск әке атанды
Фото: google.kz

Әлем миллиардерінің бірі Илон Маск пен әнші Граймс алғаш рет ата-ана атанды. Бұл туралы Tesla және SpaceX бас директорының өзі Twitter-дегі парақшасында: «Сәби мен анасының жағдайы жақсы» деген. Кейін ұлды болғаны белгілі болды.

Twitter-де қолданушылар Масктен баланың есімін сұраған, Маск "X-A-12 Маск" деп жауап беріпті. Әрине, бұл қалжың. Солай болар?!

Граймс алғаш рет ана атанса, Маск бұған дейін 5 баланың әкесі болған. Болашақ ана бұрын тікелей эфирдің бірінде 4 мамырда күні толатынын айтқан. Айтқаны айдай келіп, 4 мамыр күні сәбилі болды.

Ең қызығы, тура екі жыл бұрын Маск пен Граймс ресми жұп атанған болатын. 2018 жылы Нью-Йоркта МЕТ қызыл кілемінде бірге ел алдына шыққан.
Г. Берік