- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Ғалымдар коронавирус картасын...
Ғалымдар коронавирус картасын жасады
Джонс Хопкинс атындағы америкалық университет Қытайдан тарап жатқан коронавирус инфекциясының онлайн-картасын жасады. Карта коронавирустың Қытайда және одан тыс мемлекеттерде таралу аймағын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Қытай денсаулық сақтау комиссиясы және өзге деректер бойынша жаңартып отырады.
Картадан вирус белең алған ірі аймақтарды, көз жұмған адамдар мен вирусты жұқтырған адамдар санын көруге болады.
"Біз бұл ақпараттық панельді ситуацияның қаншалықты маңызды екенін жұрт білсін деп жасадық. Бұл – зерттеушілер үшін де өте құнды деректер қоры", - дейді Лорен Гарднер.
©Agence France-Presse - Getty Images
28 қаңтардағы дерек бойынша, коронавирустан қаза болғандардың саны 100-ден асып кетті, ал оны жұқтырғандар саны – 4515. Қытай билігінің мәліметінше, Бейжіңдегі 9 айлық қыз – вирусты жұқтырғандардың ішіндегі ең жас адам. Вирус Қытайдан бөлек Гонконг, Макао, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Малайзия, Франция, Сингапур, Аустралия, Вьетнам мен Непалға да тараған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл дерттің Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу үшін ұйымдастыру шараларын тапсырды. Ал Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирусқа қатысты сұрақтар бойынша байланыс орталығы құрылды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 1406, +7 7172 76 80 43 байланыс-орталығына азаматтар тәулік бойы хабарласып, коронавирус инфекциясына қатысты кез келген сауалын қоя алады және алдын алу шаралары мен аурудың симптомдары жайлы білуіне болады.
©dsm.gov.kz
Коронавирус қайдан пайда болды?