NASA жаңа марсоходқа атау таңдасуға шақырды

АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі жаңа марсоходқа атау таңдауға шақырды. Дауыс беруге 9 ат ұсынылған: Vision (Қырағылық), Courage (Ерлік), Endurance (Шыдам), Perseverance (Жігер), Tenacity (Алғырлық), Ingenuity (Жасампаздық), Fortitude (Ержүректілік), Clarity (Тазалық) және Promise (Уәде).

Дауыс беру 2 күннен кейін тоқтайды. Қазір АҚШ тұрғындары көп дауыс берген (308 533), одан кейін Түркия (23 201) мен Ұлыбритания (13 333) белсенділік танытып жатыр. Ал Қазақстаннан 336 дауыс берілген.

Марсоходтың аты наурызда белгілі болады. Бұл – "Mars 2020 Rover Mission" бағдарламасына қатысатын марсоход. Ол Марстағы қыртыс үлгілерін жинап, планетадағы жағдайды зерттейді. Марсоход биыл жазда аттанып, 2021 жылы ақпанда оралады.

Марста тіршілік ету мүмкін бе? (видео)