Toyota әлемнен 3 миллион көлігін қайтарып алатын болды

Toyota әлемнен 3 миллион көлігін қайтарып алатын болды

Toyota компаниясы тағы да әлемнен үш миллионға жуық Corolla, Avensis және Prius модельдерін қайтаруға шешім шығарды. 

Бұған себеп ретінде рөлді басқару тетігінің зауыттан жөнделмейтіндей етіп шығарылуы болып отыр. Жалпы барлығы 2006 мен 2011 жылдары аралығында шыққан 2 770 000 автокөлік қайтарылып алынбақ. Өндірушілердің айтуы бойынша, рөлді басқару жүйесіндегі табылған дефект көлікті авариялық жағдайға әкелмейді. Бірақ басқару дәлдігін азайтатын көрінеді.  

Дефектісі бар көліктердің көбі Жапония нарығында сатылған. Сондай-ақ АҚШ пен Еуропаға да біраз көлік экспортталған екен. 

Естеріңізге салсақ, осы жылдың тамыз айында Toyota компаниясы 2006 мен 2011 жылдары аралығында шыққан RAV4 көлігінің 760 мың данасын және 2011 жылы шыққан Lexus HS моделінің 18 мың данасын қайтарған еді.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: toyotaclubrussia.ru

Б. Қосмағамбет