Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Huawei Apple компаниясын басып озды

Huawei Apple компаниясын басып озды

Huawei Apple компаниясын басып озды

Strategy Analytics гаджеттер нарығына қатысты тың аналиткалық деректер жариялады. Оған сәйкес, қытайлық Huawei смартфондары Samsung смартфондарынан кейін ағымдағы жылы ең көп сатылған гаджеттер екен.

Strategy Analytics директоры Линда Суй мәлімдемесінде бүкіләлемдік смартфон саудасы 2017 жылдың екінші жартысымен салыстырғанда 3%-ға төмендеген. Яғни, гаджеттер сатылымы 360,4 миллионнан 350,4 миллионға түскен.

strategyanalytics.com

Өндіріс саласында Apple компаниясы тұрақты келе жатыр, ал Samsung компаниясының өндірісі 10.1%-ға құлдыраған. Ал қытайлық Huawei, Xiaomi брендтерінің өндірісі  едәуір өскен. Биыл Huawei смартфондары мен өзге құрылғыларының өндірісі 41,1%-ға, ал Xiaomi өндірісі 37.9%-ға артқан. Ал Oppo компаниясының өсімі тек 2.3% ғана.

Азия грандтарына айналған қытайлық брендтер бүкіл әлемдік нарықтың 15.5% (Huawei) және 9.1%-ын (Xiaomi) иеленіп отыр. Осылайша Huawei компаниясы Apple сынды бәсекелесін басып озды. Ескеретін жайт – аталған екі компания өнімдерінің басым бөлігі Қытай және Үндістан нарығына тиесілі. Екі мемлекеттің демографиялық деңгейі бүкіләлемдік нарықтың үстем бөлігін құрайды. Яғни Huawei мөлшер критерийі бойынша нығайғанымен, глобал қамту деңгейінде Aplle өнімдерінен біршама төмен.

Huawei өнімдері ішінде биыл Huawei P 20 және P 20 Pro смартфондары үздік нәтижеге жеткен. IDC агенттігінің сараптамасына сенсек, оның себебі аталған смартфондар Huawei компаниясының флагмандарының қатарын толықтырған және нарықтағы әзірге үздік Leica камераларын орнатқан.

Аталған смартфондардың мүмкіндігін бағалау үшін "Техно шолу: Huawei P20" және "Техно шолу: Huawei P 20 Pro және P 20 Lite" видеошолуларын ұсынамыз.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 01 тамыз 2018, 15:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.