- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Huawei Apple компаниясын...
Huawei Apple компаниясын басып озды
Strategy Analytics гаджеттер нарығына қатысты тың аналиткалық деректер жариялады. Оған сәйкес, қытайлық Huawei смартфондары Samsung смартфондарынан кейін ағымдағы жылы ең көп сатылған гаджеттер екен.
Strategy Analytics директоры Линда Суй мәлімдемесінде бүкіләлемдік смартфон саудасы 2017 жылдың екінші жартысымен салыстырғанда 3%-ға төмендеген. Яғни, гаджеттер сатылымы 360,4 миллионнан 350,4 миллионға түскен.
strategyanalytics.com
Өндіріс саласында Apple компаниясы тұрақты келе жатыр, ал Samsung компаниясының өндірісі 10.1%-ға құлдыраған. Ал қытайлық Huawei, Xiaomi брендтерінің өндірісі едәуір өскен. Биыл Huawei смартфондары мен өзге құрылғыларының өндірісі 41,1%-ға, ал Xiaomi өндірісі 37.9%-ға артқан. Ал Oppo компаниясының өсімі тек 2.3% ғана.
Азия грандтарына айналған қытайлық брендтер бүкіл әлемдік нарықтың 15.5% (Huawei) және 9.1%-ын (Xiaomi) иеленіп отыр. Осылайша Huawei компаниясы Apple сынды бәсекелесін басып озды. Ескеретін жайт – аталған екі компания өнімдерінің басым бөлігі Қытай және Үндістан нарығына тиесілі. Екі мемлекеттің демографиялық деңгейі бүкіләлемдік нарықтың үстем бөлігін құрайды. Яғни Huawei мөлшер критерийі бойынша нығайғанымен, глобал қамту деңгейінде Aplle өнімдерінен біршама төмен.
Huawei өнімдері ішінде биыл Huawei P 20 және P 20 Pro смартфондары үздік нәтижеге жеткен. IDC агенттігінің сараптамасына сенсек, оның себебі аталған смартфондар Huawei компаниясының флагмандарының қатарын толықтырған және нарықтағы әзірге үздік Leica камераларын орнатқан.
Аталған смартфондардың мүмкіндігін бағалау үшін "Техно шолу: Huawei P20" және "Техно шолу: Huawei P 20 Pro және P 20 Lite" видеошолуларын ұсынамыз.
Massaget.kz