АҚШ Конгресі баяндамасында Цукерберг кешірім сұрады

АҚШ Конгресі баяндамасында Цукерберг кешірім сұрады
Фото: russian.rt.com

Кеше, 10 сәуір күні АҚШ Конгресс өкілдік палатасы адамдардың жеке мәліметтерінің тарап кетуіне байланысты "Facebook" әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг білдірген түсіндірмені жариялады.

Құжатта "Cambridge Analytica" компаниясымен болған келеңсіздіктен бөлек, Ресейдің АҚШ президенттік сайлауына араласу тарихы да баяндалған.

АҚШ Конгресі тарапынан тыңдалған баяндамада Цукерберг өз айыбын мойындап, әлеуметтік желіден жалған мәліметтерді тарату, қаңқу сөздердің пайда болуы, шетелдіктердің араласуы, жеке мәліметтерді заңсыз түрде алып жаман ниетте пайдаланғаны үшін адамдардан кешірім сұрады.

Сонымен бірге, құжатта "Facebook" алдағы уақытта осы сияқты ыңғайсыз оқиғалардың қайталанбауы үшін түрлі шараларды қолданып жатқаны көрсетілген.

Ресейдің Америка сайлауына араласуына байланысты "Facebook" Ресейдің "Интернет зерттеу агенттігіне" байланысты 470 тен аса акаунт пен парақшаларды анықтаған. "Трольдар фабрикасы" деп аталатын акаунттар арқылы 2015-2017 жылдар аралығында 80 мыңнан артық посттар жарияланған. Оны 29 миллионнан артық адам оқыған.

"Біз өз жауапкершілігімізді жеткілікті мөлшерде түсіне алмадық және бұл біздің қатеміз. Менің қателігім. Осындай келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймын. "Facebook"-тің негізін мен қаладым, әлеуметтік желіні мен басқарады екенмін барлық жауапкершілік менің мойнымда", – дейді Цукерберг.

Т. Раушанұлы