Нидерландиядағы ерекше көпір

Нидерландиядағы ерекше көпір
Фото: hi-tech.mail.ru

«МХ3D-Metal» роботтары жарты жыл ішінде дизайндық жағынан ерекше темір көпірді жасап шығарды. Егер бұл көпір сынаудан сәтті өтсе Амстердамда орнатылады.

Роботтар көпірді темір тамшыларынан жасап шығарды. Көпір сыртындағы сәнді нақыштарды салу үшін 4 робот алты ай бойы еңбектенген.

Көпірдің ұзындығы – 12,5 метр, ені – 6,3 метр. Оған жұмсалған барлық заттың жалпы ұзындығы – 1000 километрден асады. Көпірді салуда басқа қосымша күш мүлдем пайдаланылмаған.

Барлық техникалық сынақтары біткен соң, көпірді Амстердамдағы бір арнаның үстіне орнату жоспарланып жатыр.

Т. Раушанұлы