- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Абайлаңыз, мессенджерлерде вирус...
Абайлаңыз, мессенджерлерде вирус пайда болды
«Trustlook Labs» корпорациясы мамандары ұялы телофоныңыздағы барлық мессенджердегі мәліметтерді ұрлайтын вирусты анықтады. Бұл жайында корпорация блогында хабарланған.
Вирус сіздегі антивирусты шеттеп өтіп, тізімге өзінің анықтау кодын көрсетпейді. Вирус телефоныңыздағы «Telegram», «Viber», «Facebook», «Messenger», «Skype», «Line» тағы басқа мессенджерлердегі мәліметті ұрлайды. Мамандардың мәлімдеуінше, киберқылмыскерлер алынған мәліметтермен оның иесін бопсалау мақсатында пайдаланады екен.
Киберқауіпсіздік бойынша мамандар зиянды бағдарламаны Қытайдың «Cloud Module» бағдарламасында алғаш болып анықтаған. Вирусты өзіне сақтаушы пакет «com.android.boxa» деп аталады. Ол «Android» бағдарламасы және басқа да бағдарламалардың интернет-дүкендері арқылы таралуы мүмкін екендігі айтылып жатыр.
Т. Раушанұлы