Ғаламтор көкке ұшқан күн

Ғаламтор көкке ұшқан күн
Фото: hi-news.ru

Илон Маск сөзінде тұру үшін іске кірісіп кетті. Кеше ғана, яғни 22 ақпан күні SpaceХ компаниясы тағы бір Falcon 9 зымырынан ұшырды. Зымыранның бұл жолғы мақсаты Microsat 2a және 2b интернет желісін таратшуы серіктерін ғарышқа жеткізу.

Осыған дейінгі ақпаратта жазғанымыздай Испанияның PAZ радиотолқынды серігін де ала кеткен. Tintin1,2 деп аталатын желі таратшуы серіктер алғашқы сынақты бастап, жерге «Hello World» деген хабарлама жіберуі керек. Айтпақшы Илон Маск Тwitter желісінде "WiFi-дың құпия сөзін ешкімге айтпаңыз" деген жазба қалдырды.

Зымыранның ұшу бағытын тікелей эфир арқылы көре аласыздар:

М. Ақан