Жапон көліктері эмблемаларының мағыналары

Жапон көліктері эмблемаларының мағыналары

Сіз Жапония көлігінің бақытты иесісіз. Ал сіз сол автокөлігіңіздің эмблемасы нені білдіретінін білесіз бе? Егер білгіңіз келсе, төмендегі мәліметтерге зер салыңыз.

555

1) SUBARU  Бұл көлік басында «Fuji Heavy Industries» атты компания негізінде шығарыла бастаған. Компания президенті Кэндзи Кита болса, Жапония көлігі жапонша аталуы керек деп санаған. Субару есімін де ойлап тапқан сол - Кита. Бұл сөз жапон тілінде "бірге жинақтау" дегенді білдіреді. Ал эмблемасына зер салсаңыз, бірнеше жұлдызды көресіз. Бұл - Үркер шоқ жұлдызынан алынған жұлдыздар тобы. Шындығында, Үркерде екі жүзден аса жұлдыздар бар, бірақ Жерден бізге тек солардың алтауы ғана көрінеді. Біз дәл осы алты жұлдызды Субару эмблемасынан көре аламыз. 

4

2) SUZUKI  Ал бұл көлік түрі эмблемасының шығу тарихы ешқандай оқиға байланыссыз. Сузуки - автоконцерннің негізін қалаған Митио Сузукидің есімімен байланысты. Митио өз уақытында станоктар жасаумен айналысқан қарапайым ауыл шаруасы болған. Ал Сузуки эмблемасындағы "S" әрпі Митио тегінің бастапқы әрпі. Ол жапон иероглифімен синтезделіп ерекше бейнеге енген. 

7

3) NISSAN  Өздеріңізге белгілі, Ниссан маркасының эмблемасында ешқандай жұмбақ жоқ. Концерн аты мен оны қоршаған доға. Ал өндіруші компания өкілдері болса, "бұл жай доғаны емес шығыстан шыққан күнді білдіреді" дейді.  

 66 

4) TOYOTA Бұл концерннің эмблемасы үш эллипстен (екеуі ішінен және біреуі сыртынан) тұрады. Бұл тұтынушылардың, серіктестердің және өндірушілердің бірлігін білдірсе керек. Бір қызығы, Тойота бастапқыда станок шығарумен айналысқан екен. 

8

5) HONDA  Сузуки сияқты Хонданың эмблемасы да компания негізін қалаған адамның (Соитиро Хонда) тегінің бастапқы әрпінен алынған. 

 36

6) MITSUBISHI  Мицубиши жапон тілінен аударғанда "үш гауһартас" дегенді білдіреді. Эмблемадағы "үш гауһар ромб" компанияның халықаралық деңгейдегі адал қызмет етуін, тұтынушылары мен серіктестерінің алдындағы жауапкершілік пен шыншылдықты білдіреді.

41   

7) MAZDA  "Мазда" – зороастризмдегі жоғары ғалам құдайының есімі. Қазіргі заман логотипінде "М" әрпі Мазда және "V" әрпі Victory, яғни "Жеңіс" сөздерін білдіреді.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: automobile.wikia.com, voditeliauto.ru, ioffer.com

Б. Қосмағамбет