- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- АҚШ ғарышты зерттеуді...
АҚШ ғарышты зерттеуді тоқтатуы мүмкін
Америка Құрама штаттарының президент әкімшілгі және президент Дональд Трамп 2025 жылға қарай Халықаралық ғарыш станциясын қолдау туралы бағдарламаны қолдауды үзілді кесілді жоққа шығаруға үкім шығармақ. Бұл туралы The Verge порталы хабарлады.
Портал мемлекеттің бюджеттік қорындағы құжаттарды тексеру кезінде осындай өзгерістерді анықтаған. Егер дәл осы жағдай орын алатын болса, егер NASA осы уақыт ішінде жаңа ғарыштық құрылғы ойлап, оны жүзеге асырмайтын болса, америкалық ғарышкерлер ғарыш әлемімен ұзақ жылға қол үзуі мүмкін.
АҚШ Конгрестінің 12 ақпандағы отырысына дейін бұл құжаттар әлі мың өзгеруі мүмкін. Дегенмен The Verge порталы анықтаған құжатта бұл мәселе ең соңғы болып айтылатынын хабарлаған. Ал NASA болса, соңғы құжатта аталатын шешімге көз жеткізбей ешқандай әрекетке бармайтындарын жеткізді.
«NASA ғарыш агенттігі Халықаралық ғарыш станциясымен бірге бір бағытта және бір мақсатта түрлі ғарыштық жобаларды жүзеге асырып келе жатыр. Бұл тек санаулы адамдар үшін емес, адамзат үшін өте маңызды жұмыстар. Біз орбитаға шығу арқылы түрлі лабораториялық тәжірибелер жасаймыз», - деп NASA әкімшілігі өз ойларын айтты
«Ал болып жатқан алып-қашпа әңгімеге байланысты жауап бермейміз. Біз 12 ақпан күні болатын жиыны күтеміз», – дейді.
Дональд Трамп бастаған АҚШ билігінің бұл шешімге баруына мемлекеттен бөлінетін ақшаның өте қомақты түрде кетіп жатқанын көрсетсе керек. Жалпы алған кезде америка Халықаралық ғарыш станциясына 87 миллиард АҚШ долларын салған.
NASA АҚШ-тың 44-президенті Барак Обаманың кезінде Халықаралық ғарыш станциясының бюджеттік мәселесін шешетінін айтқан болатын. Өкінішке қарай, айтылған сөз айтылған жерде қалса керек. Енді не болады? Шындығына келген кезде АҚШ билігі Халықаралық ғарыш станциясын қаржыландырып отырған NASA Халықаралық ғарыш орталығынан өздерінің үлесін алғысы келеді. Яғни ХҒС Америка үшін комерциялық бағыттағы жоба болуы керек деген әңгіме де бар.
М. Ақан