2018 жылы Apple компаниясы тұтынушыларын қуантуға дайын

2018 жылы Apple компаниясы тұтынушыларын қуантуға дайын
Фото: lifehacker.ru

Смартфонсыз өмір сүруді елестету қиын. Кез келген адамның қолында телефон бар. Бірі уақытын өткізу үшін, бірі қарапайым хабарласу құрылғысы ретінде пайдаланады. Дегенмен осы ұялы байланыстардың ішінде бағасы мен сапасы артып тұрғаны – іРhone. 

Жыл сайын түрленіп, қайта өңдеуден өтіп отыратын іРhone өнімдеріне 2018 жылы өзгеріс жасалады. Apple компаниясының айтуынша, қолданушылар үшін Iphone өнімдерінің қуат көзі тез таусылып қалады және бұл бренд үшін түбі зиянын тигізу мүмкін деген ниетпен, іРhone батарейкаларын ауыстыру құнын үш есеге түсірді. Мәселен осы уақытқа дейін батарейканы ауыстыру құны – 79 доллар болса, енді ол 29 долларға дейін түсуі мүмкін.

Бұл өзгеріс бүкіл әлем бойынша іРhone өнімдерін пайдаланатын елдерге бірдей бағада келеді. Одан бөлек 2018 жылы IOS бағдарламасына телефон қуат көзінің жағдайы турасында толық мәлімет беретін функция орнатылады. Ол арқылы сіз батарейкаңыз жұмысқа жарамды не жарамсыз екенін біле аласыз.  

М. Ақан