Жапондар 2017 жылдың үздік көлігін анықтады

Жапондар 2017 жылдың үздік көлігін анықтады
Фото: korrespondent.net

Жапонияда «Жыл автомобилі» аясында ең үздік автокөлік таңдалды. Алғаш рет 3 жыл ішінде көшбасшы «жапондар» емес, жаңа буынның швед кроссовері Volvo XC60, – деп жазады NDTVAuto.

Жеңімпазды алты мүшеден тұратын сарапшы қазылар алқасы таңдайды. Кроссовер дауыс беру нәтижесі бойынша 294 ұпай алды. Екінші орынды BMW 5-Series (седан/вагон) 242 ұпаймен алса, Toyota Camry (232 балл) үштікті қорытындылады. 

Келесі тізімде Suzuki Swift (210), Honda N-Box/N-Box Custom (189), Lexus LC (115), Alfa Romeo Giulia (89), Mazda CX-5 (83), Citroen C3 және Volkswagen Tiguan (11).

Естеріңізге сала кетейік, Жапонияның Киото қаласында өткен Халықаралық ғылым және техника мәселелері форумында Ресей Федерациясының вице-премьері Аркадий Дворкович, 2018 жылы өз елінде өтетін Әлем чемпионатында қонақтарды жүргізушісіз автобустар күтіп алатынын айтқан еді. 

Ж. Жұмағұлов