WhatsApp мамандары дыбыстық хабарламаны сынақтан өткізуде

WhatsApp мамандары дыбыстық хабарламаны сынақтан өткізуде
Фото: klapdigital.com

WhatsApp мессенджері әзірлеушілері дыбыстық хабарламаның жаңа функциясын сынақтан өткізуде. Бұл алдыңғысынан айтарлықтай ерекше болмақ. Бұл жөнінде WABetaInfo хабарлайды. 

Сайт функция қалай жұмыс істейтіні туралы суреттерді жариялады. Пайдаланушы дауыстық хабарларды жазуды бастағаннан кейін, WhatsApp микрофон түймесінің орнына жаңа қалқымалы интерфейсті көрсетеді. Бұл жағдайда жарты секундтан кейін пайдаланушы үздіксіз жазу режиміне ауысып, түймені басып тұрмай-ақ сөйлей алады.

Алдыңғы хабарламаларды жазу кезінде тікелей көруге болады. Дегенмен, суреттер мен бейнелерді үздіксіз жазу режимінде көре алмайсыз, хабарламалар жаза аласыз және басқа сөйлесу бөлімдеріне ауысасыз. Әйтпесе, жазу автоматты түрде жойылады.

Естеріңізге сала кетейік, WhatsApp мессенджерін Yahoo! компаниясының бұрынғы қызметкерлері құрған. Android онлайн дүкенінде ең көп жүктелетін бес қосымшаның бірі. WhatsApp арқылы күніне 700 миллион сурет, 100 миллион видео жіберіледі.

Ж. Жұмағұлов