- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Қытай роботы дәрігер...
Қытай роботы дәрігер лицензиясын алды
Адамзаттың дамуы барған сайын өзінің шегінен асып барады. Адамды адам емдеп қателік кетіріп алатын заманда, роботтардың күні туып тұр. Осыған жақында ғана Қытай елінде дәрігер роботтың ресми лицензия алуы себепкер болды.
Қытайдың iFlyTek компаниясы шығарған ИИ роботы төрт жылдан кейін нәтижесін берді. Кезекті сынақ кезінде робот дәрігерлер тапсыру керек емтиханнан үздік шыққан. Ол барлығы жауап беру керек және жинауға болатын 360 ұпайдан асып, 456-сын дұрыс орындаған. Яғни асып түскен. Бұл көрсеткіш туралы компания басшылығы мақтанышпен былай дейді:
«Біз мұны бұрыннан жасап келеміз. Біздің робот өз еркімен сынақтарымызға жауап берді. Ол емтиханның барлық сұрақтарынан сүрінбей өтті. Ол шынайы дәрігерлердің орнын бастатын болады».
Жақын арада робот-дәрігер тәжірибеге шығып, өзінің алғашқы жұмысын бастайтын болады. Болашақта барлық дүниенің кілті адамда болғанымен, роботтар жұмыс жасауы мүмкін.
М. Ақан