Samsung «Жұлдыздар шайқасы» үлгісінде ақылды шаңсорғыш шығарады

Samsung «Жұлдыздар шайқасы» үлгісінде ақылды шаңсорғыш шығарады
Фото: hi-news.ru

Кино әлемінде жетістікке жетіп, миллиондап, миллиардтап ақшап тауып жатқан кәсіпорындар мен корпорациялар бар. Солардың бірі «Жұлдыздар шайқасы» фильмі. Бүгінге дейін көрермендердің ықыласына бөленіп, қай кезде болмасын кинотеатрдан түспейтін фильм арқылы басшылық мол кіріс жасап отыр. Осы бір ерекшелікті түсінген Samsung ендігі жерде «Жұлдыздар шайқасы» үлгісінде ақылды шаңсорғыш шығаруды көздеп отыр. 

Жаңа лимиттендірілген VR 7000 сериялы шаңсорғышы Samsung компаниясының технологиясын POWERbot атауына ие тың мүмкіндіктермен дамытады. Жаңадан құрастырылатын шаңсорғыш Дарт Вейдерді еске түсіреді. Елестетіп көріңіз, Дарт Вейдер және оның терең тыныс алған үлгісіндегі шлемі үйіңіздің барлық қоқсығын ішіне жұтып жатады. 


«Жұлдыздар шайқасы» үлгісінде ақылды шаңсорғыш Wi-Fi арқылы алыстан басқарылатын желімен жұмыс істейді. Samsung бұл шаңсорғыштың екі түрін шығарады. Екеуінде өзгелшелік аз ғана. Екеуінде де «Жұлдыздар шайқасы» фильміндегі дыбыстар орындалады. Соның бірін жоғарыдағы Дарт Вейдердің ауыр тыныс алған дыбыс жүйесі болады деп атап өттік.

Шаңсорғыштың күші 10 Вт. Екі шаңсорғыш CycloneForce технологиясымен жабдықталған. Ал ең кереметі шаңды өздері сезеді. Күлкілі болуы мүмкін, бірақ бұл дамыған технологияның жетістігі. Яғни қол жетімсіз болып тұрған жердегі шаңды да өзіне тартып алу қабілеті бар. 

Samsung ұсынып отырған «Жұлдыздар шайқасы» үлгісіндегі ақылды шаңсорғыштар қараша айынан бастап сатылымға шығады. 

М. Ақан