Alibaba Group басшысы Джек Ма Нью-Йоркте өткен «Bloomberg Global Business Forum» форумында келешектегі экономиканың өсуі мәселелеріне байланысты өз ойын білдірді. Оның ойынша билік пен кәсіп үшін өндірісте бос жұмыс орындарын қалыптастыруды армандауды қою керек секілді. Керісінше бар назарды инновацияның өсуіне, жасанды сананың қалыптасуына бөлу керек.
Біз дәл қазіргі уақытта орын алып жатқан алып технологияның төңкерісін сезіне алмай жатырмыз. Тіпті бағаламай отырмыз. Жалпы адамзат тарихында бір заманнан бір заманға өту үрдісі қалыпты жағдай. Соңғы үш мың жыл ішінде үлкен үш төңкеріс болған да шығар. Ал қазіргі келіп жеткен төңкерістің алдында сіз айтып отырған билік те, кәсіпкерлік те қауқарсыз. Бізге бірігіп отырып жұмыс жасау керек.
Әлем IT-дан DT-ке жылжып келеді. Тіпті көбі DT дегеннің не екенін білмейді. Ақпараттық технология (IT) уақыт өткен сайын data technology-ға (DT) ауысып келеді. Бұл дегеніңіз кезекті бір дамушы технология туралы емес, сөз философия турасында, біздің жасау керек тапсырмамызда болып тұр.
Соңғы 200 жыл ішінде адамдар білімді болашақты болжау үшін пайдаланып келді. Ал қазір сол болжаған әлемнің алдында тұрмыз. Біз болжаған әлем біз болжағаннан да қауіпті болады. Дәл бүгін болашақ жайында нақты бір пікір айтатын адамдардың өзіне үрке қарауымыз мүмкін.
Адамдар қазір жасанды сана турасында ойланып, алаңдау үстінде. Меніңше, бұл алаңдаушылық қалыпты жағдай. Осыдан қанша ғасыр бұрын қозғалтқыштар пайда болған кезде адамдар жұмыс орындарынан айрылып қаламыз деп қорықты. Бірақ бәрбір жолын тапты, шешімін іздеді. Сондықтан адамдар кез келген істің шешімін табады. Біз таба алмасақ, біздің ұрпақ табады.
Жаңа дамушы технология жұмыс орындарын құртуы мүмкін, сонымен қатар қайта жаңа орындарды ашуы ғажап емес. Меніңше, біз болашақты болжаудан қорқып, сенімді жоғалтып алдық. Көптеген адамдар өндірісте жұмыс орны көп болса жұмыс алдыға жылжиды деп ойлайды. Қызығы ендігі өндіріске жұмыс орындардың керегі жоқ. Бұл өткеннің еншісінде.
Өндіріс саласына келген кезде біз «қытайда жасалған», «АҚШ- та құрастырылған» дейтін сөзді қоюымыз керек. Болашақта бұл сөздердің орнын «интернетте жасалған» деген сөз басады. Соңғы отыз жыл ішінде ірі кәсіпорындардың 6-ақ пайызы жаһандану үрдісімен жұмыс жасап келеді. Алдағы отыз жыл ішінде шағын кәсіп орындарының 60 пайызы осы үрдіспен жұмыс жасайтын болады.
Маған ғалымдардың, инженерлердің технология жайында дабыл қағып, адамдарды қорқытқаны ұнамайды. Біреулер адамды машина басқарып кетеді деп алаңдайды. Бірақ меніңше, бұл адамның өз сеніміне байланысты. Технологияны тоқтата алмаймыз. Оның орнына оны пайдалануды үйрену керек.
Білім саласына назар аударғым келіп отыр. Біздің қазіргі оқытып жатқан дүниелеріміз келер ұрпақтың болашақтағы жұмыс орындарын тартып алу мүмкін. Біз кешеден қалып кеткен жүйемен білім беріп келеміз. Бізге білім жүйесін ауыстырған жөн. Біз балаларымызды инновациялық және шығармашылық бағытта оқытуымыз керек. Болашақта мақсатқа жету үшін сізге IQ, EQ, LQ керек болады. EQ – бұл эмоцияның коэфиценті болса, LQ – сүйіспеншілік коэфиценті. Яғни бұл екі коэфицент жасанды сана мен технологияда кездеспейді.
Ең бірінші технологиялық төңкеріс Бірінші Дүниежүзілік соғысқа алып келді. Екінші технологиялық төңкеріс Екінші Дүниежүзілік соғысқа жеткізді. Дәл қазір үшінші технологиялық төңкеріс кезінде Үшінші Дүниежүзілік соғыс басталып кетті. Яғни қазіргі соғыстың мақсаты дертке, кедейлікке қарсы күреспен басталу керек. Әйтпегенде, адамзаттың басы бәлеге қалады.