Болашақта жарыққа шығатын қоғамдық көлік

Болашақта жарыққа шығатын қоғамдық көлік
Фото: vilingstore.net

Адамзат баласы, соның ішінде ғалымдар жаңа өзгерістер жасауға асығу үстінде. Заман дамыған сайын адам баласының да ойы дамып, жетіліп келеді. Бүгінге дейін көліктердің түр-түрі жарыққа шықты. Олардың жүру жылдамдығы, құны, сапасы бәрі жан-жақты ойластырылған. Ал енді келешектің еншісінде қоғамдық көліктерді заманға сайн жасау үрдісі тұр.

Futute Bus – Citaro

«Мерседес» компаниясының ұсынып отырған бұл қоғамдық көлік, болашақтың жоспарында тұрған ең үздік көліктердің бірі. Ол үш белгісімен ерекшеленеді:

GPS

Видеокамера

Датчиктер

CityPilot біз айтып отырған болашақ көліктің бір жаңалығы. Ол бағдаршамдардың түсін ажырату арқылы өздігінен қызыл түске тоқтай қалу функциясымен ерекшеленбек.

 

Көлік іші

Болашақтағы қоғамдық көліктің ішінде орындықтар саны аз болады. Бірақ бұл көліктің жаман жағы емес, себебі оның жасалу үлгісі ерекше.

Алған билетіңізде өзі тексеруші құрылғы

Жерге орналастырылған монитор

Отыруға ыңғайлы орындық

Смартфонға арналған сымсыз қуат көзі

 Т.Орлов аталған қоғамдық көліктің дизайнері. Оның айтуынша ол Wille концепциясын ойлап тапқан. Ол екі түрлі қызмет атқарады:

Қоғамдық көліктердің бағыт-бағдарын көрсетіп тұратын түссіз экрандар;

Жолаушылардың көңілін аулауға арналған жарнамалық түссіз экрандар;

М. Ақан