- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Адам тасымалдауға болатын...
Адам тасымалдауға болатын дрон
Дрондарды жасаумен айналысатын Griff Aviation атты Норвегиялық компания ұшқышсыз басқарылатын жаңа қондырғыны ойлап тапты. Дронның ерекшелігі – бір немесе бірнеше адамды алыс қашықтыққа дейін жеткізе алатын техникалық қуатының болуында. Дронның бұл алғашқы үлгісіне Griff 300 деген атау берілді. Қондырғы 8 үлкен пропеллермен (зырылдауық) қамтылған әрі өзге де техникалық жабдықтарының салмағы 75 килограмды құрайды. Бұған қоса, қондырғы ауада қосымша 225 килограмды жүкті көтере алады әрі бұндай салмақпен 45 минут бойы ауада алады. Мұндай техникалық қуат адамды айталықтай қашықтықтарға жеткізуге мүмкіндік береді.
Дронды қашықтықтан пультпен де, арнайы мобильдік станционар арқылы да басқаруға болады. Одан өзге, дронға арнайы бағдарлама жасау арқылы белгілі бір қызметтерді орындауға тапсырма берсе болады. Мәселен, іздеу және өрт сөндіру қызметтерін атқаруға міндеттеу арқылы аталмыш қондырғыны, шынымен де, игілікті құрылғыға айналдыруға мүмкіншілігіміз бар.
«Біздің мақсатымыз – тапсырыс берушінің қалауы бойынша дронды өзіне ыңғайлы кез келген жерден басқаруға мүмкіндік беру әрі тиімді қолданбалы интерфейспен қамтамасыз ету. Қолданушыға барынша ыңғайлы, тиімді болуы тиіс. Егер клиент қаласа, қондырғыны тікұшақ кабинасындағыдай барлық қажетті аспаптармен, орындықпен, карта және телеметрия, өзге де қажетті жабдықтармен қамтамасыз ете аламыз», – дейді компания президенті Йохан Холланд.
Аталмыш Норвегиялық компания алдағы уақытта 800 кг жүкті көтере алатын дронды жасап шығаруды жоспарлап отыр.
М. Ақан