Қазақстанда гибридті авто сатып алу тиімсіз

Қазақстанда гибридті авто сатып алу тиімсіз

"Қазақстанда гибридті авто немесе электромобиль сатып алу тиімсіз". Бұл Қазақстанның Тәуелсіз автомобиль одағының басшысы Эдуард Эдоковтың пікірі.

Оның ойынша ел басшылығы бұндай көліктерді пайдаланушыларға қолдау көрсетпейді. "Электромобиль немесе гибридті авто сатып алған адам басынан бастап бастап шығынға батады. Себебі күрделі конструкциялы бұндай көліктердің бағасы арзан емес. Оның үстіне оған жасалатын жөндеу жұмыстары да өте қымбат болады. Бұл мәселеде Германиядан үлгі алуға болады, мәселен. Бұл елде гибридті пайдаланушыларға 5 мың еуроға дейін субсидия қарастырылған. АҚШ-та да дәл осындай жағдай. Бұл мемлекетте электромобильшілер үшін салық минимумге дейін төмендетіледі", - деді Эдоков.

Гибридтер мен электромобильдер ауаға лас қалдықтарды шығармайтындығының себебінен ел экологиясы үшін өте тиімді құрал болып табылады. Еуропа елдерінде бұл альтернативті көліктерді автомобилистер бензинге жұмсалатын ақшаны үнемдеу үшін сатып алады. Бірақ Қазақстанда үкімет тарапынан қолдаудың жоқ болғандығының себебінен азаматтар бұл тұрғыда еш ұтпайды. "Оның үстіне ел қалаларында электроқуаттағыш станслар жоқ. Көлік қуатын үйде толтырдым деген күннің өзінде, 220 Вольттік тоқпен бұл іс өте ұзаққа созылады. Арнайы үш фазалық розеткалар да еш жерде жоқ", - деді маман.

Осы орайда Алматының салық департаментінің өкілдері ауаны ластамайтын бұл көліктерге арнайы жеңілдіктердің жоқ екендігін нақтылап айтты. "Болашақта гибридтердің саны артар болса, салықтық жеңілдіктер туралы мәселені қозғауға болатын шығар. Ал тап қазіргі уақытта бұл мәселе елімізде қарастырылмаған", - деп сұхбат берді Алматы салық департаментінің басқарма басшысы Ерғанат Нұрбаев.

Осы мәселе туралы экономикалық даму және сауда министрлігінің бюджеттік және салықтық-кедендік саясат департаментінің басшысы өкілдері де пікір білдірді. Олардың айтуынша салық автоның қозғалтқышының көлемі мен ауаны ластау факторының есебімен салынады. "Сонымен қатар қозғалтқыштың көлемі неғұрлым үлкен болған сайын оның бағасы да жоғары деген пікір қалыптасқан. Яғни бұл басқаша айтқанда "жайлылық" үшін салынатын салық", - деп түсіндірді ведомствода. Министрлікке осы мәселемен гибридті автолардың иесі көп хабарласады екен. Сондағы сұрақ мынау: "Менің көлігім атмосфераны ластамайды. Олай болса маған салынатын салық неге басқалармен бірдей?". Шағым айтушылар көп болса да елдің салық саясатына бұл тұрғыда ешқандай өзгеріс енгізіліп үлгерген жоқ.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: tengrinews.kz