Еуропа елдері ұшқышсыз ұшақ құрастырады

Еуропа елдері ұшқышсыз ұшақ құрастырады
Фото: twitter.com

Франция, Италия және Германия елдерінің қорғаныс министрлері әскери мақсаттағы біріккен жобаны дамытуды көздейтін ортақ келісімге қол қойды. Әмбебап ұшақ жобасы қашықтан басқарылатын жүйеге ие болып, 2025 жылы жаппай қолдануға берілмек.

Дамыған үш елдің ортақ келісіміне орай, жоба аясындағы зерттеу жұмыстарына 1 миллиард еуро бөлінеді. Алғашқы концепт бойынша, ұшақ қазіргі дрондар сынды орташа жылдамдықпен қозғалып, 9 шақырым биіктікке дейін көтеріле алуы тиіс.

Бақылау және барлау жұмыстарынан бөлек, әмбебап дрон қоғамдық мақсатта да пайдаланылмақ. Атап айтқанда табиғи апаттан жәбір көргендерді құтқару, өрт орын алған жағдайда өшіру және шекара қызметтерінде іске қосылады.

Үш елдің біріккен жобасын Еуропаның Airbus, Alenia Aermacchi және Dassault сынды аэроғарыштық компаниялары дамытатын болады. 

Ұқсас жазбалар: 

Әлемдегі ең жылдам ұшақ

VAMP – Шолпанды зерттеуге арналған ұшақ (видео)

Ж. Өрісбай